ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛДАРДА ОЛҚЫЛЫҚ КӨП
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының мамандары былтыр жергілікті маңыздағы жолдарға 349 мәрте тексеру жүргізді. Жылжымалы зертханамен 1336 сынама алынып, 479 жол құрылыс материалдары нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Яғни, аудандық, қалаішілік жолдардың құрылысында әлі...