Электрондық шот-фактуралармен жұмыс істеу кәсіпкерлерден мұқияттылық пен жауапкершілікті талап етеді.
Шот-фактураларды дұрыс рәсімдеу, жеткізуші мен сатып алушы туралы мәліметтерді нақты көрсету және тауарлар мен қызметтердің атауын дұрыс енгізу салықтық есептіліктің сапасына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 207 және 208-баптары шот-фактура жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттарын және қосылған құн салығын төлемейтін тұлғаларға қатысты ерекшеліктерді айқындайды. Кәсіпкерлер электрондық шот-фактуралар жүйесіндегі өз мәліметтерін тұрақты тексеріп, құжаттарды белгіленген тәртіппен рәсімдеуі қажет. Салықтық құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын арттырып, ықтимал қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Махан Руслан Дастанұлы
