№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Кәсіпкер болғыңыз келе ме?

Кәсіпкер болғыңыз келе ме?


Байқасақ, айналамыздағы адамдардың көпшілігі өз кәсібін ашуды армандайды. Түрлі амалдарды қарастырып, жоспар түзеді. Бірақ, басым көпшілігі қаражаттың жетіспеуінен әрекет ете алмай, талабы тасқа соғылады. Міне, осы бағытта кәсібін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін, мемлекет «Еңбек» бағдарламасын іске қосты, оның аясында 500 мың теңгенің үстінде өтеусіз грант алуға болады. Грантты қалай алуға болатындығын, оның қандай жағдайда берілетіндігі, қаражатты кейін қайтару керек пе және ақша алу үшін қайда бару керектігі туралы көпшілік біле бермейді. Сондықтан да, жан-жақты сауаттылықты арттырып, жұмыс істеймін, ақша табамын деушілерге елімізде қолдау көп. Мемлекет жеке кәсіпкерлердің жолын ашып, бизнес алаңда еркін жүруіне бар жағдайды жасап қойды. Олай болса, кәсіпті қалай бастау керек? Табысты қызмет саласын қалай табуға болады? Кәсіпкерлікті дамытудың басты тетігі қайсы? Міне, осы сұрақтар төңірегінде ізденіп көрдік.
Өздеріңізге белгілі, биылғы жылы жастарға 612 600 теңге көлемінде грант қарастырылып отыр. Тағы бір жақсы жаңалық, биыл яғни 2022 жылы Президенттің тапсырмасына сәйкес қайтарымсыз қаржы көлемі 1 100 000 мың теңгеге ұлғаяды деп күтілуде. Бұл туралы жұмыспен қамту орталығының маманы Руслан Мұсатаев тарқата айтты.
– Биыл жалпы берілетін грант жоспары 526 тұрғынды қамтиды. Өткен жылдан қалған 80 адам бар. Яғни, 583 400 теңгені алуы тиіс адамдарды бірінші қамтимыз. Грантты алу үшін әуелі 3 айлық курстан өтуі тиіс. Ал, көп балалы аналар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындарға 3 айлық курстың сертификаты талап етілмейді. Негізгі кәсіпкерлікті оқу курсы ақпан айында басталады. Сондықтан кәсіппен айналысамын дегендерге биыл да мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы оқу курсын тәмамдап, бизнес жоспарды қорғап шығу керек. Сертификат үш жылға ғана жарамды. Қарапайым халыққа айтарым, мейлінше бастағалы отырған жобаңыздың қолжетімділігін, дамыту тетіктерін жан-жақты зерттеп, керегінше ақпарат жинап, өзге де кәсіпкерлердің тәжірибесіне көз жүгіртіңіз. Сіздің ашқалы отырған кәсібіңіз, нарықта қажеттілігі қаншалықты деңгейде. Егер өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, аз ақшамен де кәсіпті дөңгелетіп кетуге болады, – дейді ол.

Әсел РЗАЕВА
26 қаңтар 2022 ж. 324 0