Шот-фактураны дұрыс рәсімдеу – кәсіпкерлік қызметтегі салықтық есептің маңызды бөлігі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабында шот-фактураны жазып беруге міндетті тұлғалардың санаттары және оны рәсімдеудің жалпы тәртібі белгіленген. Шот-фактурада тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді жеткізуші мен алушы туралы мәліметтер, операцияның мазмұны және басқа да қажетті деректер көрсетіледі.
Құжатты рәсімдеу барысында мәліметтердің дұрыстығына ерекше назар аудару қажет. Қате немесе толық емес ақпарат есептілікке әсер етуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлерге шот-фактураларды жазып беру кезінде қолданыстағы қағидаларды басшылыққа алып, құжаттарды уақытылы рәсімдеу ұсынылады.
Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Махан Руслан Дастанұлы
