ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

Бүгін «Әділет» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты Бірлік бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Момынханова сөз алып, Президент Жолдауында айқындалған жолдаудың мәні мен мазмұнына айрықша тоқталды.
Ұлтымыздың алдында тұрған нағыз стратегиялық міндеттер туралы атап айтты.
Жиын барысында әрбір мемлекеттік мекемелерді ұтымды бастама көтеруге, дербес шешім қабылдауға ынтандыру қажеттігі айтылды.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы жолдауында айтылған мәселелерді қолдайтынын білдіріп, Әділетті Қазақстанды құруда өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін айтып, өз піклерін білдірді.



