Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » МЕДИАЦИЯ САЛАСЫ ҚОС ТАРАПҚА ТИІМДІ

МЕДИАЦИЯ САЛАСЫ ҚОС ТАРАПҚА ТИІМДІ

Жаңақорған ауданында және аудандық сотта «Медиация туралы» Заңының қолдану ауқымы кеңейгенін көруге болады.
Медиаторлар жұмысының қажеттілігі мен белсенділігі күннен-күнге артып келеді. Әсіресе араздасқандарды татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру арқылы сотқа дейінгі және соттағы бітімгершілік процесін жүзеге асыруда медиация қызметі керек.
Отбасыларда жиі орын алатын ерлі-зайыптылар арасындағы араздықты, отбасының басқа да мүшелері арасындағы дау-дамайды оңтайлы шешуде медиация қызметінің ықпалы зор.
Бүгінде халықаралық тәжірибеде медиация бітімгершілікке бастайтын ең тиімді тәсіл ретінде танылып отыр.
Сөзіміздің дәлелі ретінде, аудандық соттың өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен азамат М-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарынан анықталғандай азамат М., Жаңақорған кенті Жапппаров көшесінде орналасқан тұрғын жайда жұбайы М-ны ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған әрекетті жасаған.
Сотта азамат М., өз кінәсін мойындап, жұбайы М-мен қазіргі кезде медиация тәртібімен татуласқанын және жәбірленуші азамат М-ға кешірім беретінін онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға М-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, ол жауаптылықтан босатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
26 қаңтар 2022 ж. 469 0