ЖЕРГІЛІКТІ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛДАРДА ОЛҚЫЛЫҚ КӨП
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Қызылорда облыстық филиалының мамандары былтыр жергілікті маңыздағы жолдарға 349 мәрте тексеру жүргізді. Жылжымалы зертханамен 1336 сынама алынып, 479 жол құрылыс материалдары нормативтік талаптарға сай болмай шықты. Яғни, аудандық, қалаішілік жолдардың құрылысында әлі де олқылық көп деген сөз.
Дегенмен, сапа орталығы тарапынан жол салушы мердігер компанияларға кемшіліктерді жою жөнінде тиісті хаттар жолданды. Және сын-ескертпелердің нәтижесімен 10648 шаршы метр сапасыз асфальт бетон жамылғысы ауыстырылып, қайта салынды. Яғни, өз ісіне немқұрайлы қараған жол салушылар 27 миллион теңгенің кемшілігін өз қаражаты есебінен жүргізді. Бұл бағытта жолдардың кепілдік мерзіміне сәйкес жұмыстар жалға бермек.