РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңақорған аудандық сотында «Рақымшылық жасау туралы заң талаптарын қолдану » тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семиинарға аудандық сот төрағасы Ә.Б.Түбекбаева, судья И.Тұңғышбаев және кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.
Рақымшылық дегеніміз қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату, кінәсін мойындау рақымшылық жасауға міндетті шарт емес, рақымшылық актісімен бұрын жазасын өтеп шыққан тұлғадан сотталғандығы алынып тасталуы да мүмкін, Қазақстан Республикасының Заңнама талабына сәйкес сотталғандарға рақымшылық жасау құқығына тек ел Президенті ие және сот органдары арқылы жүзеге асырылады.
Семинар барысында аудандық сот судьясы И.Тұңғышбаев баяндама жасап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес азаматтар мен тұтастай мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін жауапқа тартылғандарға рақымшылық жасау туралы Заңға қол қойғанын айтты.
Осы аталған заң аясында сотталған азамат тағайындалған жазасынан толықтай не ішінара босатылуы немесе жазасы жеңілдетілуі мүмкін екендігін және рақымшылық кімдерге жасалатынын, нақты кімдердің-қандай қылмыс жасағандардың жазадан босатылатынын немесе жаза мерзімінің қысқаратынын айтып өтті.
Сондай-ақ Рақымшылық жасау туралы Заң қолданылмайтын адамдарға тоқталды.
Семинарға қатысушылар Рақымшылық жасау туралы Заңына қолдануға қатысты мәселелерді кеңінен талқылап, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігіне баса назар аударды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.