Күш – білімде, білім – кітапта
Ұлт даналығында «Өнер – қанат, білім – санат» деген бар, осы ойдың түпкі төркіні мәдениетке тіреледі. Жалпы мәдениет латынның сөзі, өңдеу дегенді білдіреді. Сол мәдениеттің мазмұны – адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайтын сала. Негізінен қоғамның материалдық және рухани байлығының жиынтығын айтады. Уақыт ағымымен мәдениет үлкен салаға айналды.
Аудан бойынша 36 көпшілік кітапхана жұмыс жасайды. Аталған кітапханалар өткен 2021 жылы 16089 оқырманға қызмет көрсетті. Яғни, осының ішінде кітап берілімі 257367, келуші саны 66155 болды. Бұл жерде кітап берілімі 1891-ге, келуші саны 3019-ге артқан.
Аудан кітапханаларында 2020 жылы кітап қоры 464790 дана болса, 2021 жылы 469440-ға жетті, яғни өсімі 4650 данаға жетті. Мұны есепке жүгініп, талдағанда 2020 жылы 10448 жаңа әдебиет келіп түссе, 2021 жылы 8422 дана болып отыр. Біз 1245 мәдени көпшілік шара өткізіп, оның 551-і онлайн, 694 офлайн жүйеде жүрді.
2022 жылдың 1 қаңтарына 469440 дана әдебиетті құрады, оның қазақ тілінде кітабы 310694 дана. Барлық кітап өңдеуден өткізіліп, аудан кітапханаларына таратылды.
Қазіргі таңда 10 кітапхана үлгілі кітапхана болып ашылып, оқырманға сапалы қызмет көрсетіп келеді. Олардың қатырында Сунақата, Төменарық, Сүттіқұдық, Қожакент, Түгіскен, Кейден, Манап, Бесарық, Жаңарық, Бірлік ауылдық кітапханалары бар.
Кітапхананы заманауи білім беру орталықтарына айналдыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ауданда демеушілік тарапынан 3 кітапхана, жергілікті бюджет есебінен 1, жалпы 4 коворкинг орталықтары ашылып, жұмысты жандандырып отыр.
«Ауылда онлайн ақпараттық орталықтар құру» жобасы аясында, Бірлік, Төменарық ауылдық кітапханаларында Онлайн орталықтары және Қожакентте мобильді-мультимедиялық кітапхана жұмыс жасап келеді.
2021 жылы әлеуметтік желіге Бірлік ауылдық кітапханасында Онлайн орталыққа 8 шара, фейсбукқа 47 шара енгізілді. Төменарықтың Онлайн орталығында 78 шара, қаралымы 3722, фейсбукк – 57 шара жіберілді. Қожакенттің мобильді-мультимедиялық орталығы 3 шара, фейсбукқа 43 шара қосты.
Аудан бойынша кітапхана Вэб сайтына 2020 жылы 149 шара енгізілсе, 2021 жылы 263 шара енгізілсе, «Жаңақорған тынысы» газетіне 10 шара, фейсбук әлеуметтік желісінде 1168-і ақпараттандырылды.
Аудан бойынша 2020 жылы әлеуметтік желіге 806 мәдени іс-шара жіберілсе, 2021 жылы 1168 мәдени іс-шара жіберілді.
Соңғы жаңалығымыз –кітапханаларда 36 қызығушылық клубы жұмыс істейді, оның 490 мүшесі бар, 150 шара өткізілді. Оған 1055 адам қатысты.
Аудандық кітапхана балалар мен жасөспірімдердің кітапханаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында қазіргі таңда қаржы қажет етпейтін жеті жоба бойынша жұмыс жасап келеді. Олар: Аудандық орталық кітапхананың «Вookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса», аудандық балалар кітапханасының «Әжем айтқан ертегі», «Дәстүрлі отбасылық оқу», М.Нәлібаев ауылдық кітапханасының «Жаңғырған Машбек жастары», Бірлікте «Дарыны өскен, даңқты өлкем – Бірлігім», Төменарықта «Қоғам. Интернет. Ақпарат», Сунақатада «Сырға толы Сығанақ» атты жобалар аясында 28 мәдени шара өткізілді.
Барлық ауылдық кітапханада балалар бұрышы жасақталған. «Сенің сүйікті ертегің», «Кітап – әлемге жол ашады», «Кітап – рухани қазына», «Кітапхана – руханият азығы», «Оқы және өзгеге ұсын!», «Ертегі әлемі – өмірімнің сәні еді», «Туған жерге тағзым», «Ауылым – алтын бесігім», «Туған топырығымыз – алтын тұғырымыз» атты тақырыптарда ертеңгілік, ашық есік күні, саяхат, буккроссинг, диспут, ойын-саяхаттар ұйымдастырылып, өткізілген іс-шара тұрақты түрде әлеуметтік желіге жарияланып келеді.
Кітапхана – кітап беретін орын ғана емес, мәдениет ошағы. Оқырманның талап-тілегіне, олардың өскелең интелектуалды сұранысына сәйкес сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету, жұмыстардың тиімді әдісі мен түрлерін енгізу, жас кітапханашылардың шеберлігі мен білімін көтеру мақсатында семинар, дөңгелек үстел мен түрлі байқау дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Сондай кітапхана мамандарының кәсіптік біліктілік шеберлігін жетілдіру мақсатында аудандық балалар кітапханасында «Кітап әлемі: балалықтан – даналыққа» атты семинар және Төменарық ауылдық кітапхана базасында «Жаңа технологияның сырлары» атты тақырыпта зерделі кеңес пен «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты аудандық байқау өткізілді.
2020 жылы кітапханалардың іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында 18 әдістемелік нұсқаулық құрал жасалды. Жас мамандарға жоспар бойынша әдістемелік бөлімнің қызметкерлері дәріс беріп, 4 рет практикалық сабақ өткізілді.
2021 жылы Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жыл кітабын бірге оқимыз!» атты облыстық онлайн байқауға аудандық орталық және Бірлік, Қосүйеңкі ауылдық кітапханалары жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелердің өлімі» шығармасынан бейнероликтері ұсынылып, нәтижесінде облыстық кітапхананың алғыс хатымен марапталды.
Сондай-ақ аудан кітапханаларында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және ақын Б.Исаевтың 80 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Сейсен Мұқтарұлының 75 жылдығы, Бексұлтан Нұржекеевтің 80 жылдығы, Т.Әбдрахманов 100 жылдығы оқырман арасында әлеуметтік желі арқылы онлайн байқау, сайыс, ақпараттық сағат, әдеби сағат, виртуалды көрме, акция, балаларға арналған ертегілерді онлайн дауыстап оқу, шеберлік сабағы әдісімен өтті. «Ұлы даланың алып жыршысы» атты онлайн поэтикалық марафон, «Әлемді кітап арқылы танимын» атты әдеби сайыс, балалар ақыны А.Сопыбековтың шығармашылығына арналған «Балалар әдебиетінің күн шуағы» атты аудандық онлайн байқау, аудандық орталық кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз. Бейбіт. Мәңгі» атты жас ақындар мүшәйрасы, Сондай-ақ Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық орталық кітапханада айтыс ақыны Әбілқайыр Сыздықовтың 50 жасқа толуына орай «Мен танитын тұлға» атты шығарма және Ода жазудан аудандық байқау, сонымен қатар «Ақиқатты арқау еткен айтыскер ақын» атты кездесу кеші болды.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласынан «Ұлағат пен ұстаным, «Қоғам мен құндылық», «Бағдар мен белес» атты тақырыбында дөңгелек стол және «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап», «Тәуелсіздік – ұлы мұрат, қастерлі ұғым», «Ұлы дала – ұлттық тарих» атты кітап көрмесі, «Елімнің бақытын тербеткен–Тәуелсіздік» атты тарихи кеш, «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің ролі» атты жас оқырмандармен дөңгелек стол, «Тәуелсіздік таным» атты көркем сөз оқу шеруі және семинар өткізілді. Сондай-ақ Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіз. Бейбіт. Мәңгі» атты жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Аудандық орталық кітапхананың «Парасат жолы» жобасы аясында «Оқитын адам үлгі аларлық тұлға» атты интервью-кездесу кеші, жазушы Сейсен Мұқтарұлының 75 жылдығына «Қаламгерлік бейнеттің бәйгеторысы» атты еске алу кеші, ақын-жазушы Базарбай Исаевтың 80 жылдығына «Тұлға. Тарих. Тағылым» атты еске алу кеші, айтыс ақыны Ә.Сыздықовтың 50 жасқа толуына орай «Ақиқатты арқау еткен айтыскер ақын» атты кездесу кеші, Жалғасбек Амановтың «Қаратаудың Қараманы» және Тоқымов Сабырқанның «Шалқи бер, Шалқия» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері, қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы бар, қарымды қаламгер, журналист Қаныбек Әбдуовтың «Ауыл атауының ақиқаты» атты жаңа кітаптың тұсаукесерлері өткізіліп, нәтижесінде аудандық кітапханаға 1000-ға тарта кітап сыйға тартылды. ZOOM платформасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында, «Ұрпаққа ұлағат – ұлы мұрат» атты ұстаз, ана Запира Рахманбердіқызымен сұхбат және «Мейірімді жүрек – жылы тілек» атты ақын, журналист Файзулла Сахиевпен сұхбат алаңы ұйымдастырылса, Манап ауылдық кітапханасында ақын, жазушы Базарбай Исаевтың 80 жылдығына орай «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты еске алу кеші, Бірлік ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері Тұрсынхан Әбдірахманованың 100 жылдық мерейтойына орай «Жақұт сөзбен өрілген жауһар жырлар» атты әдеби сағат, Бірлік ауылдық кітапханасында ақын-сазгер, драматург Исраил Сапарбайдың 80 жасқа толуына орай «Сезімнің сыршыл сардары» атты поэзия сағаттары ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпы халықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Осыған орай, аудан кітапханаларында қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға үлкен мән берілді.
Әрине, іс-шараның өткізілуі мен оның оқырманға әсері жөнінен көптеген мағлұмат ұсынуға болады. Қазақ «Оқыған – білгір, оқымаған – ділгір» деп жатады, оқырман үшін біздің есік әрдайым ашық. Біздің мақсат – кітап – көптің ұстазы.
Әсемкүл Тілеубергенова,
аудандық орталықтандырылған
кітапхана директоры