Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!


Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз! Апта басынан аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбектің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаевтың жетекшілігімен құрылған жұмысшы топ Жаңақорған кенті және Кейден ауылында тұрғын үйлерді аралап, өрттің алдын алу шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аралау барысында бірқатар тұрғын үйлерде газ пештерінің есігі ашық тұрғаны, пеш маңында тез тұтанатын заттардың сақталғаны және пештердің арнайы темір төсемсіз, ағаш негізге орнатылғаны анықталды.

Мұндай салғырттық өрттің шығуына және адам өміріне қауіп төнуіне себеп болуы мүмкін. Әсіресе, қатты жел соққан кезде мұржадағы ұшқынның сыртқа таралуы немесе оттың кері ұруы салдарынан өрт шығу қаупі артады.

Осыған байланысты әрбір тұрғыннан:

- Газ пешінің есігін үнемі жабық ұстауды;
- Пеш маңында тез тұтанатын заттарды сақтамауды;
- Пешті жанбайтын, арнайы темір төсемге орнатуды;
- Мұржаның жарамдылығын тұрақты тексеріп отыруды;
- Газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Адам өмірі – ең басты байлығымыз, ал оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарына немқұрайлы қарамай, әр шаңырақта сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамыз.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыздар!
13 қараша 2026 ж. 13 0