№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Амандығың – алтын тәжің

Амандығың – алтын тәжің


Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, олардың түрлі сырқатының алдын алуда медицина мамандығының маңызы зор. Ақ халат киген ардақтыларымыздың адалдығының, тазалығының белгісіндей киімінің өзі алыстан сыйлатып тұрады. Cолардың бірі – Құралай Қибасарова.


Ол Қызылордадағы медициналық колледжді тәмамдап келіп, 2001 жылы бері аудандық аурухананың гинекология бөлімінде еңбек жолын бастады. Қазірде аудандық емханада табанды еңбек етіп келе жатқан белді маманның бірі. Әйелдер бөлмесінде қаншама қыз-келіншектердің, ана­лардың денсаулығындағы кінәратты анықтап алдын алуға нұсқап отырады.
– Біздің Гиппократ антына адал­дығымыз қызметіміздің сапасымен, жауапкершілігімізден көрінеді. Біздің міндетіміз алдымызға келген нәзік жандылардың денсаулығындағы кі­наратын анықтап, дәрігерден ем алуға жібереміз. Еңбектің наны тәтті дегендей, қай салада болмасын адалдық, шынайылық керек. Әр маман өзіне сеніп тапсырылған ісіне жауап береді. Сондықтан біз ауруды асқындырғаннан гөрі, оның алдын-алу әлқайда жеңіл екенін ескетуден шаршамаймыз, – дейді акушер мейір­бике.
Күнделікті маманның алдына 40-45 әйел келсе, оның көбі 15 пен 49 жас аралығындағылар. Алайда үлкен жастағы әйелдердің кейбірі келуге қысылатын көрінеді. Құралай Қибасаровадан неліктен алдына келетін қыз-келіншектердің қарасы қалың екенін сұрадық.
– Әйел адамдардың көбі күн­делікті күйбең тірліктен босамай, үйдің жайы, баланың қамымен жүріп, денсаулығына салғырт қарап жатады. Осылайша күтінбегендіктен түрлі сырқаттың асқынуына жол беріп қояды. Қазір екінің бірінде қабыну жиі кездеседі. Қатерлі ісікке ұласып жатқандары, яғни жатыр мойнының қатерлі ісігі де аз емес. Тәжірибемдегі соңғы бес жылда осы мәселелер мазалайтын әйелдердің саны көбейген, – деп жұмысымен бөлісті ол.
Әйелде ең жиі кездесетіні – жыныс мүшелерінің қабынуы (60 – 65%). Бұл ауру әйелдің жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді, бедеуліктің негізгі себептерінің бірі болып есептеледі. Ауру қоздырғышының сипатына қарай қабыну аурулары: өзіне тән емес (спецификалық емес) және өзіне тән (спецификалық) деп бөлінеді. Өзіне тән емес түрінің қоздырғыштарына: ішек таяқшалары, стрептококктар; ал екінші түріне: гонококктар, туберкулез микробактериялары, три­хомонадтар, хламидиялар, кан­дидалар, саңырауқұлақтар, мико­плазмалар, вирустар, т.б. жатады. Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну ауруларына: вульвит (әйел жыныс мүшесінің сырт жағының қабынуы), бартолинит, кольпит (қынаптың қабынуы), жатыр мой­нының эрозиясы, аднексит (жатыр қосалқы бөлігінің қабынуы), пара­метрит (жатыр үлпершігінің қабынуы), периметрит (іш пердесінің жатырлық бөлігінің қабынуы), перитонит (іш пердесінің қабынуы), эндометрит (жатырдың шырышты қабығының қабынуы) жатады.
«Бірінші байлық – денсаулық» дегендей, әйел аналар ең бірінші орында он екі мүшесінің амандығына ерекше көңіл бөлсе, – дейді ол. Қарашаңырақтың аяулы келіні, бес баланың анасы, қызметінде де құрметке бөленіп жүрген ардақты ақ халатты әпкеміз осыны ескертеді.
– Дені сау әйел – бұл дені сау жанұя. Бұдан бүкіл ұлт денсаулығын көреміз. Сондықтан әйелдер жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтіп тұруы керек. Жеке бас гигиенасын сақтап, жатыр мойны қатерлі ісігінің алдында кездесетін дерттерді уақытылы емдеп, тиімді тамақтану, артық салмақпен күресу, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес беремін, – дейді ол.
Әйелдер түрлі ісік ауруларына 40 жастан асқанда шалдығуы мүмкін екен. Аналық бездерінің ісіктері қатерсіз және қатерлі ісік болып ажыратылады. Қатерсіз ісіктің ең жиі кездесетін түрлері: фолликулярлық киста, эпителиалдық киста, сары дененің кистасы, т.б. Ал қатерлі ісіктің ішінде ең жиі кездесетіні – саркома. Жоғарыда айтып өткен аурулардың салдары әйелдер мен ерлердегі бедеулікке алып келеді. Әр аурудың түріне қарай антибиотиктермен, рентген, радий сәулелерімен ем­дейді, ал ісік түрлеріне қарай хирургиялық операциялар жасалып келеді. Сондықтан басымыздағы «алтын тәж» денсаулықты барында бағалайық. Уақытылы гинекология бойынша кеңес алу, болашақта елеулі мәселелерді тудырмаудың кепілі болып табылады. Өйткені әйелдердің ауруы, басқа аурулар сияқты, ерте анықталғанда ғана нәтиже болады.

Рауза ӘЗІЛХАН

26 қаңтар 2022 ж. 370 0