№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

9 айдың түйіні



Тәуелсіз елдің мемлекет ретінде қалыптасуына арнайы бекітілген заң жүйесінің маңызы зор. Себебі елдегі бар азаматтар заң алдында тең болғандықтан оларға қатысты заңбұзушылық жағдайы байқалғанда істің ақ-қарасын анықтап, айыптыны заң бойсындыратын да сол − мемлекеттік сот органы. Олай болса, Жаңақорған аудандық соты 2023 жылдың алғашқы тоғыз айының жұмыс қорытындысы бойынша өткізген баспасөз релизіне шолу жасап өтейік. Шара барысында аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаева 2023 жылдың 9айында атқарылған жұмыс жайлы баяндады.
Конституцияның 1-бабы мен 12-бабында: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Біздің елдің заңына сәйкес бірінші орында адам және оның өмірі тұр. Одан кейін мемлекет қойылған. Яғни, мемлекет адамның құқын қамтамасыз етуге тиіс. Адамның құқығын қаншалықты қорғай алып жүрміз, заңға қайшы әрекеттердің жолы кесілді ме?
– Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 368 іс қаралып, аяқталды. Оның ішінде 193 азаматтық іс, 29 қылмыстық іс, 20 әкімшілік іс, 286 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Қылмыстық істер бойынша 24 қаралып, 20 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылып, 5 адамға қатысты қылмыстық іс медиация заңымен тоқтатылды. Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 4 қылмыстық іс түсіп, қаралып аяқталды. Оның ішінде үкім шығарылған 1 іс бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалып, 3-уі бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылған.
ҚР «Медиация туралы» Заңы қолданылып қаралған 5 іс тоқтатылды. Осы мезгілде аяқталған 24 істің 15-і қысқартылған тәртіппен қаралып, қаралған істердің 62,5 пайызын құрады. Сондай-ақ 3 қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым түсіп, сот үкімі өзгеріссіз қалды, – деді Әлия Бердібекқызы.
Сот төрелігіне халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ғаламтор жүйесінде әрбір соттың арнайы әлеуметтік желіде парақшасы ашылып, онда соттағы істердің қозғалысы жайлы мәліметтер, соттардың атқарған жұмыстары жайлы хабарламалар жарияланып тұруы әдетке айналды. Бұл мәліметтерге ғаламтор қызметін пайдаланушы әрбір азамат қол жеткізе алады. Басты мақсат халықтың сотқа деген сенімін арттыру, ақпаратты қолжетімді ету екенін атап өту керек. Аудандық соттың әрбір ісі мен жаңалығы, тоқсан сайынғы қорытындысы фейсбук әлеуметтік желісінде ұдайы жарияланып тұрады.
Ал азаматтық істер бойынша аудандық сотқа 419 талап арыз түсіп, оның 291 талап қою арызы бойынша азаматтық іс қозғалып, 193 іске шешім шығарылып, 19 іс тоқтатылып, 70 сот бұйрығы шығып, 64 азаматтық іс тоқтатылған. Тоқтатылған істер бойынша сотпен 11 дау-шарды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, 1 дауды партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни адвокаттардың жәрдемімен реттеу туралы келісім, 7 іс бітімгершілік келісімдері бекітілген. ҚР «Азаматтық процестік кодексіне» енгізілген жаңа институт «сотқа дейінгі хаттама» бойынша 31 іс тоқтатылған. Жалпы, осы мерзімде қаралған азаматтық істер бойынша 6 жекеше ұйғарым шығарылған. Аталған азаматтық істер бойынша 11апелляциялық шағым түсіп, оның 9-қаралып, 4-сот шешімінің күші жойылған.
Сондай-ақ сот төрағасының мәліметіне сай әкімшілік істер 20 іс түсіп, оның 17-і жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әкімшілік актілерге дау айту туралы болса, 3-уі округтік сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп тану болса, оның5 іс кері қайтарылған. Тоқтатылған істер бойынша 39 әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты, медиация заңы қолданылып, (тоқтатылған істердің 82 пайызын құраған), 5 әкімшілік іс ауызша ескерту жасап шектелумен, 5 әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауынан тоқтатылған. 2023 жылдың 2-тоқсанында әкімшілік істер бойынша 2 апелляциялық шағым түсіп, оның 2 қаралып, сот шешімдері өзгеріссіз қалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 148 іске жаза ретінде әкімшілік айыппұл салынып, 57 адам әкімшілік қамаққа алынып, 5 адам арнайы көлік жүргізу құқығынан айырылған, 17 адамға ескерту жасалған. Осы тұста айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша салынған, айыппұл сомасы 7 188 303 теңгені құрайды, өз еріктерімен 2 875 032 теңгесі төленген.
Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамымыз цифрлық жүйеге бет бұрған салалардың игілігін көріп келеді. Соның ішінде сот саласының цифрлы жүйеге дер кезінде бет бұруының артықшылығын қарапайым халық тиімділігін сезініп келеді. Қазір сот залындағы істердің барлығы бейне жазба арқылы жүргізіледі. Яғни, кез келген айыпталушы немесе өндіруші тарап апелляцияға бергенде бейне жазбаны пайдалана алады.
– Сот жүйесін цифрландыру үшін «Цифрлы Қазақстан» жобасының тиімділігі арта түсті. Цифрлы жүйе қағазбастылықтан арылып, халық уақытын үнемдеп, сот жүктемесінің азаюына ықпал етіп, сотқа жүгінуші тараптардың да орынсыз сабылуды алдын алды. Есесіне сот жүйесінде ¬электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалып, халықтың сотқа деген сенімінің артуына әсер етті. Қазір істердің барлығы электронды нұсқаға көшті. Мәселен, қазір талапкер немесе борышкерлер сотқа онлайн арқылы қатыса алады. Ол үшін қалта телефонына «True Conf» құрылғысын жүктеп алады. Ал телефон түсінбейтіндер аудандық сотқа қатысу үшін өзінің тұрғылықты қаласындағы сотқа алдымен хат жазады, сосын іс басталғанда сот залындағы экраннан тікелей эфирде процеске қатысуға құқы бар. Бұл уақытты үнемдеуге, екінші жағынан ашықтық пен жариялылықтың қолдану аясын кеңейтуге мол мүмкіндік береді, – деді Әлия Бердібекқызы.
Әкімшілік жаза қолдану көрсеткішіне тоқталсақ 148 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынып, 57 адамға әкімшілік қамаққа алу, 5 адамға арнайы құқықтан айыру, 17 адамға ескерту жасау түріндегі жазалар қолданылған. Әкімшілік істердің тоқтатылғаны да бар. Яғни олардың ішінде 39 іс екі тараптың татуласуына байланысты, 1 әкімшілік іс ауызша ескерту жасап шектелумен. Жалпы, осы мерзімде қаралған әкімшілк құқық бұзушылық туралы істер бойынша 19 жекеше қаулы шығарылған. Бұл 6 айда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2 апелляциялық шағым түсіп қаулысы өзгеріссіз қалдырылған.
Соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабымен жүргізушінің көлік құралын олкологольдік есірткі немесе масаң күйінде басқару, сондай-ақ масаң күйдегі адамға көліктің тізгінін беру бойынша 50 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралған. Масаң күйде көлік тізгінін ұстағандарға 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 10-тарауы. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 73-2 бап, ұрып соғу санаты бойынша 36 іс түсіп қаралып аяқталған.
Ал, жыл басынан бері 73 адам ажырасуға өтініш берсе, оның 45 некесі бұзылып, 19 неке медиация тарапынан татуласқан. Байқағанымыздай қоғамда отбасының ажырасу мәселесі қазір көпті алаңдатуда. Бұл тақырып төңірегінде Әлия Бердібекқызы ерекше тоқталып өтті.
– Елімізде жылдан-жылға ажырасып жатқан отбасылар көбеюде. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны емес. Шыны керек, бізге ажырасуға өтініш білдірген азаматтарды ажыратпай, керісінше татуластыруға тырысамыз. Әуелі екі тарапты да тыңдап, белгілі бір мерзімде уақыт береміз. Ажырасу оңай болғанымен, ортада балалардың қиналатынын, тірі жетімнің күйін кешетінін егжей-тегжейлі айтып, отбасындағы татулықтың дәнекері болатын кішкентай сәбилердің де болашақ тағдырына немқұрайлы қарамау қажеттігін түсіндіреміз. Қалай десек те, қисыны келіспейтін қамшының сабындай қысқа ғұмырда отбасындағы құндылықтардың қадірін жете түсініп, жақсы бағалай білетін отбасылардың екіге бөлінгенін емес, бір бүтін болып қалуына бар күшімізді салып келеміз. Біз өз тарапымыздан барынша отбасын сақтап қалуға әрекет етеміз, – деді.
Аудандық сот ұжымы қызу жүріп жатқан жұмысты БАҚ беттеріне жариялап отырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтына жариялауға 30 материал жолданып, оның 20-жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 37 мақаласы жарияланып, 2 пресс-конференция өткізілген, 10 семинар сабағы ұйымдастырылып, 3 бейне ролик, барлық істер тек аудио-бейне жазбасы (АБЖ) құралына басылып қаралған. Баспасөз конференциясын қортындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.
Осы тұста айта кетейік, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қаралған істердің саны азайғанын, оның басты себебі, сотта және сотқа дейін тараптардың татуласу құқығын қамтамасыз ететін медиацияның әсері екенін жеткізді. Еліміздегі сот жүйесі өз тарапынан түрлі реформаларға мұрындық болып, халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, тәуелсіз Қазақстанда адам құқығының аяқасты болмай, бостандық пен теңдіктің сақталуын биік мұрат етіп келеді.
Сот билігінің күші Заңның мүлтіксіз орындалуында, құқыққа деген зор құрметте. Қазіргі қоғамда азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуі немесе өзгелердің құқықтарын бұзу сияқты көріністер кездеспей тұрмайды. Әлеуметтік ортадағы түрлі құқық бұзушылықтардың Ата Заң негізінде қалпына келтірілуі, әділеттілік табуы, халықтың сот билігіне деген сенімінің нығаюы Конституциямыздың арқасында мүмкін болып отыр. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба береді.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілдерінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
20 қазан 2023 ж. 230 0