9 АЙДА 75 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚАРАЛҒАН
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Нұрлыбек Қосанов өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әлібек Жарықбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Аталған іс-шара барысында төраға Н.Қосанов тілшіге 2018 жылдың 9 айында сотта атқарылған жұмыс жөнінде айтты.
Есепті кезеңде аудандық сотта 95 тұлғаға қатысты 75 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 58 тұлғаға қатысты 46 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылған. 27 тұлғаға қатысты 19 қылмыстық іс сот өндірісінен қаулымен қасқартылған, оның ішінде 10 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.
2017 жылдың 9 айында барлығы 564 азаматтық істер қаралып, оның ішінде 408 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған, 54 азаматтық іс өндірістен қысқартылып, 16 азаматтық іс қараусыз қалдырылған, 77 сот бұйрығы шығарылған, медиация заңнамасы арқылы 23 азаматтық іс, партисипавтитік тәртіпте 4 азаматтық іс аяқталған.
Одан бөлек аталған мерзімде аудандық сотпен 479 тұлғаға қатысты 479 әкімшілік іс қаралған, 50 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды.
Шара соңында сот төрағасы іс-шараға қатысқан БАҚ өкіліне қоғамның сотқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырудағы еңбегі мен баспасөз конференция барысындағы белсенділігі үшін алғысын білдірді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
Пікір 2