№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ДАЛАЛЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГ

ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ДАЛАЛЫҚ ЖЕРЛЕРДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЖӘНЕ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДАҒЫ МОНИТОРИНГ


Партияның аудандық филиалының төрағасы Арман Мажитов, партияның аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Қалдарбек Тұрабаев және Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Шыңғыс Жәдіков партия белсенділерімен бірге жаз мезгілінде аймақтағы өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында «Жаңақорған аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-нің Мемлекеттік Орман қорының материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ұжым қызметкерлерімен кездесіп, жұмысты жетілдіру бағытында олардың ұсыныс - пікірлері тыңдалды. Мемлекеттік Орман қорының аумағы.
Аталмыш мекеме мемлекеттік орман қоры жерлерінің шекарасында, орманды қорғау, сақтау және өсімін молайту функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Мекемеге қарасты мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 791557 гектар. Аумақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Орманды, дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды. Осыған орай ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу бағытындағы шаралар ұйымдастырылуда.
Мониторинг барысында ұжым қызметкерлері тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер назарға алынып, тиісті жұмыс жасалатын болды.
27 маусым 2025 ж. 130 0