№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудандық сот 3 айды қорытындылады

Аудандық сот 3 айды қорытындылады

Жаңақорған аудандық соты 2023 жылдың алғашқы үш айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз релизін өткізді. Шара барысында аудандық сот төрағасы Әлия Түбекбаева 2023 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыс жайлы баяндады.

Конституцияның 1-бабы мен 12-бабында: «Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Біздің елдің заңына сәйкес бірінші орында адам және оның өмірі тұр. Одан кейін мемлекет қойылған. Яғни, мемлекет адамның құқын қамтамасыз етуге тиіс. Адамның құқығын қаншалықты қорғай алып жүрміз, заңға қайшы әрекеттердің жолы кесілді ме?


– Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 324 іс қаралып, аяқталды. Оның ішінде 158 азаматтық іс, 6 қылмыстық іс, 2 әкімшілік іс, 158 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Қылмыстық істер бойынша қаралып, аяқталған 6 қылмыстық істің 5 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылып, 2 адамға қатысты қылмыстық іс медиация заңымен тоқтатылды. Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 1 қылмыстық іс түсіп, қаралып аяқталды. Оның ішінде үкім шығарылған 1 іс бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. ҚР «Медиация туралы» Заңы қолданылып қаралған 2 іс тоқтатылды. Осы мезгілде аяқталған 6 істің 4-і қысқартылған тәртіппен қаралып, қаралған істердің 66,6 пайызын құрады. Сондай-ақ 1 қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым түсіп, сот үкімі өзгеріссіз қалды. Аяқталған 6 қылмыстық істің басым бөлігі есірткі психотроптық заттармен, заңсыз жұмыс жасау санатындағы қылмыстық істерді құрады, – деді Әлия Бердібекқызы.

Ал азаматтық істер бойынша 81 іске шешім шығарылып, 19 іс тоқтатылып, 35 сот бұйрығы шығып, 31 іс оңайлатылған тәртіппен қаралған. Тоқтатылған істер бойынша сотпен 11 дау-шарды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, 1 дауды партисипативтік рәсім тәртібімен, яғни адвокаттардың жәрдемімен реттеу туралы келісім, 7 іс бітімгершілік келісімдері бекітілген. ҚР «Азаматтық процестік кодексіне» енгізілген жаңа институт «сотқа дейінгі хаттама» бойынша 11 іс тоқтатылған. Жалпы, осы мерзімде қаралған азаматтық істер бойынша 3 жекеше ұйғарым шығарылған. Аталған азаматтық істер бойынша көп қаралған санаттары шартты даулардан туындайтын 36 іс қаралып аяқталған. Мысалы қарыз ақша өндіру. Осы санат бойынша көп қаралған істердің 22,7 пайызын құраған.

Сондай-ақ сот төрағасының мәліметіне сай әкімшілік істер бойынша жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әкімшілік актілерге дау айту туралы 4 іске, округтік сайлау комиссиясының хаттамасын заңсыз деп тану бойынша 3 іске және 1 іске шешім щығарылған. Тоқтатылған істер бойынша сотпен ҚР «Медиация туралы» Заңын қолдана отырып, 1 азаматтық іс тоқтатылған. 2023 жылдың 1-тоқсанында әкімшілік істер бойынша 2 апелляциялық шағым түсіп, оның 2 қаралып, сот шешімдері өзгеріссіз қалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 128 іске жаза қолданып, 30 іс тоқтатылған.

Әкімшілік жаза қолдану көрсеткішіне тоқталсақ 79 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынып, 30 адамға әкімшілік қамаққа алу, 3 адамға арнайы құқықтан айыру, 12 адамға ескерту жасау түріндегі жазалар қолданылған. Әкімшілік істердің тоқтатылғаны да бар. Яғни олардың ішінде 25 іс екі тараптың татуласуына байланысты, 3 әкімшілік іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамның болмауына байланысты, 1 әкімшілік іс жауаптылыққа тартудың мерзімінің өтуіне байланысты, 1 іс құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босатылуына байланысты тоқтатылған. Жалпы, осы мерзімде қаралған әкімшілк құқық бұзушылық туралы істер бойынша 10 жекеше қаулы шығарылған. Бұл 3 айда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, ӘҚБтК-нің 30-тарауына (көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар) қатысты істер. Соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабы жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе масаң күйде басқару немесе сондай масаң күйдегі адамға көліктің тізгінін беру бойынша 23 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп қаралған. Ескерту берілгеніне қарамастан екінші рет масаң күйде көлік тізгінін ұстағандарға 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 10-тарауы. Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 73-2 бап, ұрып соғу санаты бойынша 19 іс түсіп қаралып аяқталған. Бұл 3-айда түскен істердің 11,7%-н құраған.

Аудандық сот ұжымы қызу жүріп жатқан жұмысты БАҚ беттеріне жариялап отырады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтына жариялауға 15 материал жолданып, оның 10-жарияланған, бұқаралық ақпарат құралдарына судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің 24 мақаласы жарияланып, 1 пресс-конференция өткізілген, 6 семинар сабағы ұйымдастырылып, 1 бейне ролик, барлық істер тек аудио-бейне жазбасы (АБЖ) құралына басылып қаралған. Баспасөз конференциясын қортындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап өтті.

Рауза АЗИЛХАНОВА
24 сәуір 2023 ж. 899 1

Thaddeus от 3 шілде 2023 06:58
12 000 000 messages to the whole world - new marketing tool for your company. Steps to get it: 1. Go to website https://search-any-web.com 2. Register and login 3. Do search and press "Send Messages" 4. Sit back and relax, we will do the rest and send you report We have hudge database - more than 80 mil. websites. If you need something more - contact via email info@search-any-web.com Some screens - https://postimg.cc/gallery/2zhrCvt