№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық соты 2020 жылдың 9 айдың жұмысын қортындылады

Жаңақорған аудандық соты 2020 жылдың 9 айдың жұмысын қортындылады


Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен ағымдағы жылдың 9 айында аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн өтті.


Шара барысында сот төрағасы Ә.Түбекбаева 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде аталған мерзімде барлығы 43 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 34 іс бойынша айыптау үкімі 1 іс бойынша ақтау үкімі шығарылғанын, 8 қылмыстық іс тоқтатылғанын, осы тоқтатылған қылмыстық істердің 5 бойынша тараптар медиация Заңы негізінде татуласқандарын, атап өтті.
Есепті мерзімде сот өндірісіндегі 389 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 64 арыз бойынша сот бұйрығы, 226 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 50 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 29 медиация тәртібімен тараптардың татуласуларына байланысты тоқтатылған. Ал татуласу келісімін бекіту бойынша 3 азаматтық іс аяқталса, 8 іс тараптардың адвокаттарының жәрдемдесуімен партисипативтік рәсімімен аяқталған.
Әкімшілік құқық бұзушылық істерге тоқталсақ 2020 жылдың 9 айында барлығы 474 тұлғаға қатысты 474 әкімшілік істер қаралғаны, 394 тұлға әкімшілік жазаға тартылған. Ал 80 әкімшілік құқық бұзушылық іс тоқтатылғанын, оның ішінде 64 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуы бойынша тоқтатылғанын айтып өтті.
Аудандық сот төрағасы Ә.Түбекбаева сот жүйесінің қысқа мерзімде алға қарай үлкен қадам жасағанын айта келе, аудандық сотпен жұмыс жасап жатқан медиаторлар және Билер кеңесінің аудан тұрғындарының кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей, «Татуласу, сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолданылып жатқаны туралы айтып өтті.
Сондай-ақ елімізде енгізілген карантин жағдайы кезінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін соттар мобильді құрылғылардың көмегімен сот істерін қашықтан онлайн форматта қарауда.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің барлық сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 қазан 2020 ж. 761 0