№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білікті ұстаз – биік мәртебе

Білікті ұстаз – биік мәртебе


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Ендеше саналы ғұмырын сапалы қызмет етуге арнаған сансыз маманның ішіндегі барша әлем бас иетін ұлағатты жандарға  бәріміз де қарыздармыз. Осындай ел алдындағы жауапкершілікті сезініп, талай шәкірттің сауатын ашып, талабын шыңдап, үлкен өмірге аттандырған ұстаз Алтынсара Ысмайлованың ізденіс жолын бүгінгі мақалаға арқау еттік.

Жиырма бес жылдық өтілі бар Алтынсара Әбушахманқызы кент ор­талығында орналасқан №163 мек­тептің белді де беделді ұстазы. Жоғары сыныптарға қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытып, шәкірт көңілен жол тапқан педагог маман. Білім ошағының басты тұлғасына айналған осындай мұғалімдер қазіргі технология дамыған заманда білім сапасын қамтамасыз етудегі ұстаз рөлін ешнәрсемен алмастыруға болмайтынын дәлелдеп келеді. Бұ­дан бәсекеге қабілетті ұстаздан бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеп шығатынын байқауға болады.
Бірлік ауылында дүниеге келген кейіпкеріміз кішкентайынан мұғалім болуды армандайды. 1993 жылы мектепті аяқтаған соң бала арманын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан араб тілі институтына оқуға түсіп, «Араб тілі және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі» мамандығын тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы №163 мектепте бастап, осы күнге дейін абыроймен жұмыс жасап келеді.
Білім жолында тынымсыз еңбек етіп, нәтижелі табысқа қол жеткізген Алтынсара апайдың ұжым ортасында өзіндік орны қалыптасқан. Ол жай­ында мектеп директорының мінде­тін ат­қарушы Айгүл Назарымбето­ва өз пікірін былайша білдірді.
– Алтын­сара тәжірибелі тәлімгер. Өз саласының үздік маманы. Сабақ барысын жаңаша бағытта қызықты етіп өтуде жан-жақты ізденетінімен ерекшеленеді. Осы қасиетін артынан ерген жас буын өкілдеріне үлгі етіп отырамыз. Әріптесім «Ұстаз жүгі – ауыр жүк» екенін жақсы түсі­неді. Сондықтан болар, жұмысына жауапкершілікпен қарап, білімді, білік­ті, дарынды оқушылар тәрбиелеуде нағыз шыңдалған маман, – деді ол.
Келешек тұтқасын ұстар ұрпақты мектеп тәрбиелесе, сол білім ошағының ұстаздары арқылы шәкірттеріне баға беріліп жатады. Солардың талабына тілекші болып, көз алдында өскен тәрбиеленушісінің өмірлік жолындағы жетістіктері мен қуанышына бірге қуана білетін парасатты тұлғаның биік белестерді бағындырған оқушылары қаншама. Алды лауазымды қызмет иелері болса, соңғысы халықара­лық, республикалық, облыстық пән олимпиадалары мен байқаулардың жеңімпазы.
– Ұстаздық міндетті арқалаған әрбір жан сенім мен жауапкершілікті терең түсініп, өскелең өмір талабына жауап бере алатын, өз ісінің шебері болу керек. Ал басты міндетіміз оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен жаңа тех­нологияны ұтымды пайдаланып, бі­лікті, тәжірбиелі маман даярлау, – дейді ұстаз.
Сабырлы, салмақты мінезі, бей­імділігі мен байыптылығы, ұйым­дастыра білу қабілеттілігі бойы­нан анық көрінетін ұстаз бүгінде «Ұшқыр ой алаңы» дебат клубының жетекшісі. Құрамында 15 оқушысы бар клуб жанында ашылса да жеткен жетістіктері бір төбе. Жаңаша фор­матта ашық сұқбат өткізуге тәрбие­лейтін алаңның басты мақсаты  өз ойын жылдам жеткізу, керек ақпаратты жылдам қабылдау, жылдам ойлау, қысқа шолу, қысқа қайыру­ға үйрету. Сондықтан оқушыларға тағат тауып, төзімділік танытып, бір көркем шығарманы үйде немесе мектеп ішіндегі осындай үйірмелерде санасына құйып,  мүмкіндік жасау. Ал бұл дегеніміз биік белестен көрінудің алғашқы баспалдағы болып саналады.
Білім шыңына шыға алған мем­лекет қана әлемдік деңгейде еркін самғап, өз бағытын дұрыс таңдай алады. Сондықтан елдің келешек тұтқасын ұстар ұрпақтың білімді де білікті болуы, ең алдымен ұстазға байланысты. Біз осындай жастарға таудай талап беретін мәртебелі ма­мандық иесіне жеміс тіледік.
Лаура БИБАСАРОВА
03 сәуір 2022 ж. 335 0