№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Министрдің "Құрмет грамотасын" алды

Министрдің "Құрмет грамотасын" алды

Мұғалімдер күнінде бірқатар ұлағатты ұстаздар марапат биігінен көрінген еді. Солардың қатарында №56 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әсемгүл Сопбекова да болды.

1985 жылы Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының шет тілі факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын №56 мектепте бастады. Содан бері жұмыс ауыстырмай табысты еңбек етіп келеді.
Алдымен білім ордасының ішкі тынысымен танысу мақсатында мектеп директоры Мұхтархан Әбутәліп әңгімеге тарттық.
– 2018 жылдың жаңа оқу жылында мектептің типтік жобадағы жаңа ғимаратына көштік. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша заманауи жабдықтармен химия, физика, биология кабинеттері қамтылған. Ағылшын тілі кабинеті лингофонды құрылғысымен қамтылған. Қолөнер шеберханасы мен робототехника кабинетіне сұраныс берілді. Жаңа оқу жылында 423 шәкіртке 57 тәжірибелі ұстаз білім береді, – деді директор.
Оның сөзінше, мұғалімнің ізденімпаздығы оқушының жетістігінен көрінеді. Әсемгүл Сопбекова осындай тәжірибесі мол, өз ісін шынайы жақсы көретін ұстаз.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай бүгінде Әсемгүл Сопбекованың шәкірттерінің жеткен жетістігі көп.
– 2007 жылы Дилшат Мамбеталиева халықаралық олимпиададан бірінші орын алып, Англияда білімін жетілдіріп қайтты. Облыстық «Жас ғалым» байқауында білімімен Маржан Мұхамедәлі үздік танылды, 2017 жылы Нұрсезім Пернебай облыс әкімінің грантына ие болды, ал Ботакөз Иваш INTOLIMP.ORG халықаралық жобасында ағылшын тілін жақсы меңгергенін көрсетіп бірінші орын алды. 2019 жылы Аяулым Асанбекова “British Bulldog» халықаралық конкурсында екінші орын алды. Мұның бәрі білікті ұстаздың қажырлы еңбегінің нәтижесі, – деді Мұхтархан Әнуарұлы.
Жайдары мінезімен жан дүниеңді баурап алып, өзінің білгенін үйретуден жалықпайтын ұстаздан тәлім-тәрбие алған әрбір шәкірт білім шыңына жететіні анық.
– Ұстаздық ету қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Менің ұстаз болу жолындағы басты ұстанымым – саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы білім беру. Елде жəне дүние жүзінде жүріп жатқан жаһандану, əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өзгерістер бүгінгі өскелең ұрпақтың шет тілін білуге деген құлшынысын арттырып, оның қоғамдағы рөлін күшейтіп отыр, – дейді Әсемгүл Сопбекова.
Қазіргі уақытта педагог-зерттеуші лауазымы бойынша жоғары біліктілік санатындағы ұстаздың жетістіктері жетерлік. 2018 жылы Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында І дәрежелі дипломмен, республикалық байқаулардан иеленген сертификаттары бар.
Ұстаздың білім беру саласына қосып жүрген үлесін айтпай өту мүмкін емес. Оның шет тілінен бірнеше авторлық кітаптары да жарық көріп, республикалық ғылыми-тәжірибелік журналдарға мақалалары жарияланып келеді.
Ұлағатты ұстаздың білім министрінің құрмет грамотасымен марапатталуының себебі осында екенін ұқтық.

Майра ҒАНИЕВА
16 қазан 2019 ж. 1 024 0