Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су тасқыны: Сең мен селге дайындық қалай?

Су тасқыны: Сең мен селге дайындық қалай?



Жаңа жылдағы үкіметтің алғашқы отырысында нақты істер арқылы халықтың әлауқатын арттыруға бағытталған жобаларды талқылады. Әсіресе ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Қазақстандағы қазіргі санитарлық эпидемиологиялық ахуалды талқылап, тұрақтандыруға күш салуды тапсырды.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, 2023 жылдың қорытындысымен жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болды. Алдын алу шараларының арқасында оба, тырысқақ, полиомиелит сияқты 20-дан астам қауіпті жұқпалы ауру тіркелген жоқ. Сондай-ақ коронавирус, ротавирус және жіті ішек инфекциялары бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Жыл соңында елде 29 мыңнан астам қызылша жұқтыру дерегі тіркелді, оның 80%-ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Осыған байланысты Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы, басқа да профилактикалық екпелерді салу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрінің сөзінше коронавирус инфекциясының таралуы жыл бойы жүреді, халық өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек.

– Біз оны ай сайын тіркеп, бақылап отырмыз. Коронавирус жұқтыру фондық (фоновые) аурулары бар адамдарға қиынға түседі. Бұл – негізінен қарттар. Одан бөлек созылмалы ауруы бар науқастар, әсіресе тыныс алу және жүрекқан тамырлары дертіне шалдыққандарға да оңайға соқпайды. Осы орайда біз жоғарыда аталған қатардағы азаматтарға ревакцинациядан өтуді ұсынамыз», – деді Ажар Ғиният Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, өткен жылы 350 мың азамат COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алған. Сондай-ақ министр «қазақстандықтар қайта маска таға ма?» деген сауалға жауап берді. «Біз маска тағуды ұсынамыз. ЖРВИ маусымы қалай басталады, яғни қазан-мамыр айлары аралығында бас санитарлық дәрігердің қаулысымен маска кию ұсынылады. Сонымен қатар медициналық ұйымдарда да маска режимі енгізіледі. Маскаға қатысты тағы бір нақтылағым келеді, біз тек ұсынамыз», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, аймақта профилактикалық бағыттағы жаппай, жоспарлы және толықтырып иммундауды әрі қарай жоспарлы түрде жалғастыру қажеттігін ескертті.

«Бүгінгі отырыста Үкімет басшысы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде аса қауіпті және жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарын жүйелі әрі сапалы жүргізуді тапсырды. Өңірімізде коронавирус инфекциясы 2022 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 55 есе төмендеген. Алайда өткен жылы қызылша ауруының 1 682 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қараша айынан бастап қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасы өтті. Қазір облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты», – деді аймақ басшысы.

Мәжіліс қорытындысымен облыстық санитарлықэпидемиологиялық бақылау департаментіне қызылша, қызамық, паротит және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстар тапсырылды. Алдағы уақытта оқу орындарында эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар толық ұйымдастырылуы тиіс. Халық арасында иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттықтүсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Меншік нысанына қарамастан облыстағы балабақша балаларының екпе құжаттарына ревизия жүргізіп, егілмеген балаларды атааналарының рұқсатымен жаппай иммундау шараларына тарту маңызды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына вакциналау жұмыстарын жалғастырып, жалған профилактикалық егудің алдын алу туралы тапсырма берілді. Үкімет отырысында Әлихан Смайылов еліміз су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін жіті қадағалап, әр облыстың қауіпсіздігін пысықтады.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, бірқатар өңір әкімдері, сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев су тасқынына әзірлік туралы хабарлама жасады.

– Су ресурстары және ирригация, Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, су тасқынының алдын алу үшін барлық шаралар қабылдануда. Өзен арнасына күнделікті бақылау жүргізілуде. Қауіпті учаскелерге арнайы техникалары бар жауапты мекемелер бекітіліп, қажетті материалдық-техникалық қор толықтай жасақталды. Су шаруашылығы жағдайы тұрақты бақылауда, – деді аймақ басшысы.

Өңірдегі «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы ісшаралар» Жол картасына 17 іс-шара енгізілген. Қазір 8-і толықтай аяқталды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен жоспарланған 6 жоба толықтай орындалды. Елді мекендерді су басу қауіпінен сақтау мақсатында республикалық бюджеттен жоспарланған 2 жоба жергілікті бюджет есебінен атқарылды, 1 жоба жалғасуда. 2 жобаны өзектілігі жойылуына байланысты Жол картасынан алып тастау жөнінде ұсыныс берілді. Біріншісі – «Қызылорда қаласы шегінде Сырдария өзенінің жағалауын нығайту және реконструкциялау» жобасы. Онда қарастырылған жұмыстар жағалаудағы жол құрылысы барысында бірге атқарылды, сондықтан оны іске асырудың қажеті жоқ. бұл жобаға республикалық бюджеттен бөлінетін 9 млрд теңге үнемделді. Екіншісі – «Қызылорда қаласы шегінде Сырдария өзенінің арнасын тазалау» жобасы өзендегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты тоқтатылды. Нәтижесінде бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен қажетті 3,5 млрд теңге үнемделді. Қалған 5 жобаның сметалық құжаттамасына қайта түзетулер енгізіліп, Төтенше жағдайлар министрлігіне республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңгеге бюджеттік өтінім жолданды. Жол картасының мерзімінің аяқталуына байланысты бұл жобалар «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» енгізіліп, мемлекеттік органдар қарауына ұсынылды. Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, аталған мәселелер бойынша негізгі жұмыс бағыттарын белгіледі. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне өзен бойындағы қауіпті учаскелерге бақылауды күшейтіп, тәулік бойы кезекшілікті жалғастыру тапсырылды. Су басу аймағына жақын орналасқан елді мекендерде инертті материалдар қорын шоғырландырып, қажет болған жағдайда инженерлік жұмыстарды ұйымдастыру міндеттелді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті авариялық-құтқару қызметтері мен күш-құралдардың дайындығын үнемі әзірлікте ұстап, мониторинг жұмыстарын жалғастыруға жауапты болмақ. Ал, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы Шардара су қоймасынан босатылатын су көлеміне тұрақты бақылау жасап, облыс аумағына қауіпсіз мөлшердегі судың жіберілуі бойынша тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жасайды.
Облыс әкімінің мәжілісінен кейін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы автив жиналысын өткізіп, нақты мәселелердің шешу жолдарын талқылады.

– Әріптестер өткен жылды ойдағыдай аяқтап, жаңа жылды жаңа бастамалармен бастауға кірісуіміз керек. Адалдық – адамгершілік парасаттың ең биік шыңы. Ол кез-келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді. «Адамдықтың нұры бол, тәртіптің құлы бол» дейді үлкендер, адам баласы ақиқатты ардақ тұтып, қай істе болмасын темірдей тәртіп болуы керек.. Ең бастысы – қай ауылда болмасын тәртіп болса, сол ауылда жұмыс жүреді, табысқа да қол жетеді. Демек, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеген дұрыс. Бұл ретте өзге ауылдан қатынап жұмыс жасайтын ауыл әкімдері өзінің жұмыс істейтін жеріне көшіп бару керек. Тәртіп болмаған жерде жұмыс болмайды. Ауыл инспекторларына апта сайын ауылдарды аралап, әкімдік қызметкерлерінің жұмыста бар-жоғын зерделеп, жүйелі жұмыс жасауды тапсырамын. Сондай-ақ, қызметтік көлікті демалыс күндері мінуге, жеке басына пайдалануға болмайды, осыны ескеріңіздер. Жеке бастың емес, ауыл тұрғындары мен қарапайым халықтың жағдайын жасауымыз керек. Ауыл әкімдері – халық пен биліктің дәнекері. Елдің арасында жоғары жақта отырғандар білмейтін небір мәселелер бар. Соларды өз деңгейінде жеткізу әрі мәселені шешу міндеті тұр. Ауыл әкімдері мен бөлім басшылары ауа-райын алдын ала болжап, қажетті шараларды қолданып, қауіпсіздікті ұдайы пысықтап отыру керек, – деп тиісті сала мамандарына қатаң тапсырмалар берді.

Одан бөлек, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы, Жаңақорған өндірістік учаске басшысы Әбдімәжит Ахметов су тапшылығынан алда кездесетін қиындықтарды алдын ала болжап, шаруаларға тиімді жолдарды ұсынды.

– Соңғы уақыттары су тапшылығы қатты сезілуде, оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Ауыл әкімдері өзінің қарамағындағы шаруаларға егінді аз қажет ететін дәнді-дақылдарды егуін қадағаласа. Оның үстіне, күріштің суаратын уақытында көпшілігі жоңышқаны да бірге суарып, айтарлықтай қиындық туындайды. Шаруалар осы кезде уақытты тиімді пайдаланып, жоңышқаны ретімен суарып алса, ертеңгі күні күрішпен қабаттаспайды. Әрі диқандар тамшылатып суарудың көлемін арттырып, көкөніс, бақша дақылдарын өңдеуге мән беретін кез келді. Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі тірегі. Бұл сала мемлекеттің қолдауына ие. Ал, егінді әртараптандыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі әрі осы бағытта ізденіп, егінді әртараптандыру маңызды. Осыны ескеріңіздер, – деп ұсынысын жеткізді.

Иә, ауыл шаруашылығы – еліміздегі ең маңызды саланың бірі. Сондықтан аграрлық секторға қатысты мәселелерді аудан әкімі өзінің жіті бақылауына алып отыр. Өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласын дамыту және өндірілген өнім көлемін арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар әсте бәсеңсіген емес. Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жемісін беріп, бүгінгіден де жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенеміз.

Әсел РЗАЕВА
13 қаңтар 2024 ж. 192 0