Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

«Damumed» деректер қоры Денсаулық сақтау министрлігіне берілді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және тағы басқа ведомство басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.


Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту шаралары қарастырылды. Бүгінде нарықтың 80%-дан астамын «Даму» АТО» ЖШС-іне тиесілі «Damumed» жүйесі қамтиды. Республикалық деңгейде медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасудың толыққанды тетігінің болмауы нарықта бәсекелестікке жатпайтын жағдайлар туғызып, салдарынан қазақстандық медициналық ұйымдар бір медициналық ақпараттық жүйеден басқасына ауысқанда қиындықтарға кезігіп отыр.

Осыған байланысты «Даму» АТО» ЖШС-і Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның биылғы жылдың 27 сәуіріндегі тапсырмасын орындау аясында «Е-Денсаулық» жүйесі базасында бірыңғай республикалық медициналық деректер қорын құру және медициналық ұйымдар арасында ақпарат алмасу үшін «Damumed» деректер қорын Денсаулық сақтау министрлігіне берді. Бұл үшінші тараптағы қызмет ұсынушылардың медициналық ұйымдарға бәсекелестік негізде тиісті қызметтер көрсетуіне мүмкіндік береді.

Әлихан Смайылов «Е-Денсаулық» жүйесін құру бойынша жұмысты жеделдету және осы саладағы реттеудің тиімділігін арттыру үшін заңнамалық түзетулер дайындау қажеттігін атап өтті.

Кеңеске қатысушылар отын-энергетика кешеніндегі монополияға қарсы шараларды жүзеге асыру барысын да талқылады.

 
18 мамыр 2023 ж. 196 0