Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны аяқталды, 2 млн 400 мың адам егілді – ДСМ
Биылғы жылдың 10 айында Қазақстанда оба, тырысқақ, сүзек аурулары, құтыру, туляремия аурулары тіркелген жоқ. Былтырғы жылмен салыстырғанда 39 инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
А.Ғинияттың мәліметінше, биылғы жылдың басынан бастап сырқаттанушылықтың 2,6 есе төмендеуі байқалады. 10 айда 11 734 адам ауырып, 7 мыңдай адам стационарда ем алды. Ал 1300 адам вакцинациядан өткен. Бүгінгі таңда 2 пациент стационарлық жағдайда емделуде.
«Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 1 млн 370 мың жағдайы тіркелді, оның ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың 66%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8%-ға төмен. Қараша айынан бастап тұмау ауруы тіркеліп отыр. Расталған жағдайларды қарап отырсақ, 30% балалар ауырып жатыр. Соның ішінде осы жылда тұмаудың А және В түрінің айналымы байқалады, былтырға қарағанда 8,1 %-ға төмен», – деп атап өтті А. Ғиният.Сондай-ақ сала басшысы елімізде тұмауға қарсы вакцинациялау компаниясы аяқталғанын және 2 млн 400 мың адам егілгенін жеткізді. Бұл халықтың жалпы санының 12,1%-ын құрайды.
«Көбіне қатерлі топқа кіретін ададарды ектік. Оның ішінде, балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар», – деді министр.Ол коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті.
А.Ғинияттың мәліметінше, биылғы жылдың басынан бастап сырқаттанушылықтың 2,6 есе төмендеуі байқалады. 10 айда 11 734 адам ауырып, 7 мыңдай адам стационарда ем алды. Ал 1300 адам вакцинациядан өткен. Бүгінгі таңда 2 пациент стационарлық жағдайда емделуде.