Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ересектер қызылшаға қарсы вакцинаны тегін салдырады – денсаулық сақтау министрлігі

Ересектер қызылшаға қарсы вакцинаны тегін салдырады – денсаулық сақтау министрлігі

Кез келген адам Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинаны тегін ала алады, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

"Барлық ниет білдірушіге вакцина тегін салынады. Балалармен бірге келген ата-аналардың өздері вакцина алған-алмағанын білмейді. Біз вакцинаға ақы алмаймыз, өйткені вакцина елімізге үкіметтік тапсырыс аясында ғана әкелінеді", - деді министр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері бері ауруды 17 мыңнан астам адам жұқтырды, ауырғандардың дені вакцина алмаған балалар.
Қызылшаның ең ауыр асқынуы – энцефалит. Ал қазір реанимацияда жатқан балаларда мидың қабыну белгілері бар, деді министр.
17 мың науқастың ішінде 82%-тен астамы немесе 14 465-і балалар. Оның 83%-і вакцинаалмаған.


Қызылша көп тіркелген аймақтар:

Шымкентте – 3 мыңнан астам жағдай;

Алматы мен Жамбыл облысында – 2 мыңнан астам;

Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында мыңнан астам адам қызылшамен ауырған.

Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцинация екі рет жүргізіледі: 12-15 айлық балалар. Ревакцинация - 6 жаста.

Қараша айында Қазақстанға қызылшаға қарсы вакцинаның 500 дозасы жеткізілді, желтоқсан айында миллион доза жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: Sputnik.kz
30 қараша 2023 ж. 294 0