№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан карантинді сақтау қажет елдер тізімінен шығарылды – Цой

Қазақстан карантинді сақтау қажет елдер тізімінен шығарылды – Цой


Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралды деп жазады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті
aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралды. Коронавирус инфекциясының таралуымен күрес бойынша ағымдағы жағдай және елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады, – деп хабарлады primeminister.kz.
Министр баяндағандай, қазіргі кезде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді. 9 қыркүйекте COVID-19 нәтижесі оң болған 106 498 науқас тіркелді, соңғы тәулікте 73 адам тіркелді. 4 810 адам ем алуда, 100 042 адам ауруханадан шығарылды(94%), 1 646 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, ҚР-да коронавирустық инфекцияның (ПТР-) 28 228 ықтимал жағдайы тіркелген. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орындардың қамтылуы 6 есеге, оның ішінде реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 6,6 есеге, сондай-ақ КВИ қатысты жедел медициналық көмекті шақыру саны 5,5 есеге азайды.
Емханалар үйде қызмет көрсету форматына көшті, мобильді бригадалардың саны 7,6 есе өсті, бүгінде 3640 мобильді бригада құрылды және бүкіл ел бойынша жұмыс істейді.
«Біздің еліміздегі, Еуропаның бірқатар елдеріндегі жағдайды тұрақтандыру аясында, тамыздың басынан бастап коронавирус инфекциясының Азияда таралуының күрт өсуі байқалады. Мысалы, аурудың өсуі Италияда, Австрияда, Испанияда, Германияда, Оңтүстік Кореяда, Түркияда байқалады. ТМД елдерінде аурушаңдықтың орташа өсімі 0,5% құрады, бұл Қазақстандағыдан 5 есе жоғары», — деді А. Цой.
ДДСҰ-ның пікірінше, елдердің Үкіметтері белсенді көшбасшылық рөлді алуы керек, ал адамдар шектеу шараларын сақтауы: маска киіп, жаппай іс-шараларға бармауы керек.
«ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейсустың айтуынша, «бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге аурудың өршуі мен пандемияның өмірдің бір бөлігі екенін үйретеді». Швейцарияның Қоғамдық денсаулық сақтау Федералды басқармасы Қазақстанды одан қайтып оралғаннан кейін карантинді сақтау қажет елдер тізімінен шығарғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, Швейцарияға басқа елдерден келген адамдар карантинге жіберіледі. Бұл елдердің тізімі 7 қыркүйекте жаңартылды. Бұл COVID-19-мен күресудің және Қазақстандағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырудың тактикасының дұрыс таңдалғанын көрсетеді», — деді министр.
26 қыркүйек 2020 ж. 404 0