Әркімнің тұрған жері-Мысыр шаһары
«Әркімнің тұрған жері-Мысыр шаһары» дейді халық даналығы. Кіндік қаны тамған туған жеріне өзін қарыздар санап, өмірдің жарығын сыйлаған ата-анасы тұрмақ, айнала жұрт, ағайын, көрші-қолаңның көңіліне қарап, қолдан келгенше солардың қызметіне жарауды мақсат тұтқан адал перзент – атамекеннің қазығын нық бекемдер ұстыны болып қала бермек.
Адам-қоғамның басты байлығы. Дені сау, ерік-жігері мол болумен қатар ізгілікті тәрбиені бойға сіңіріп, рухани кемел тұлғаның қалыптасуы екі үлкен сала – медицина мен мәдениеттің өкілдеріне үлкен міндет жүктейді. Сунақата ауылының әкімі Ақылбек Жұмаділлаевтың редакциямызға арнайы келіп, ел өмірін өркениетке жетелеуде тәлім-талабы бөлек ауыл интеллигенциясының асқақ ұстанымына айрықша тоқталып, бірі ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункте денсаулық сақшылары, енді бірі мәдениет саласын дөңгелентіп келе жатқан ерлі-зайыпты қос отбасы туралы төл газетімізде кеңінен жазып, көпке таныстырсаңыздар деген тілегінің астарында өмірдің осындай ақиқаты жатыр.
Әрине, жақсылықтың жаршысы болуға асығатын әдетімізбен келесі күні Сунақата ауылына бет түзедік. Алдымен шағын медициналық нысанға маңдай тіреп, тыныс-тіршілігіне зер салдық. Бас дәрігер Болатұлы Азамат Әбілқасымовтың айтуынша, елдімекенге нақты тұрғылықты тіркелгендер регистрінде 1725 ауыл тұрғыны есепте тұр. Аурудың алдын алу, скринингтік тексерулер нәтижесі жаман емес. Сырқаттанушыларға және жазатайым жарақат алғандарға алғашқы медико-санитарлық қызмет көрсетуде, есепте тұратын науқастарға тиісті деңгейде ем жасауда процедуралық кабинет және 5 төсектік күндізгі емдеу бөлімі жұмыс істеп тұр. Жалпы, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстану деңгейі өскен. Соның нәтижесінде қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтау жолға қойылды. Кене шаққан немесе үй жануарларынан зақым алған жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну, балаларға мезгілінде екпе алу мәселесіне жіті көзқарас бар. Бұл ретте аудандық СЭС мекемесі, ауыл көшелеріне бекітілген 13 медқызметкер нақты жұмыс жүргізіп келеді екен.
БІР САЛАДА ОТЫЗ БЕС ЖЫЛ
Дәрігерге дейін ауруларды қабылдау бөлмесі. Бұл кабинетте біз іздеп келген кейіпкеріміз – Досмағанбет Әбілжан Кәрімұлын сырқатты қабылдау үстінде кездестірдік. Ол кісінің зайыбы Искандарова Клара Төлеубекқызы процедура кабинетінде медбике. Қызметте де, жанұяда да өмірдің ыстық-суығын қатар бастан өткеріп, ортақ жауапкершілік салмағын бірге арқалап келе жатқан ерлі-зайыптының өнегелі өмірі нендей сыр шертеді?
– Мен осы ауылдағы №194 орта мектебін 1983 жылы бітірдім. Қызылордадағы медициналық училищесіне оқуға түстім. Отбасындағы көп баладан дәрігерлікті қалаған жалғыз мен. Жетіншіні оқып жүргенде әкем, келер жылы анам өмірден ерте кетті. Екеуі де сырқаттанды. Бала жүрегім кенеттен келген кеселдің сырын білсем, желкесін үзер ем деген өкініштен өртеніп, өзімше алдыма қалайда медик боламын деген мақсат қойдым. Оқуды бітірген соң екі жыл әскер қатарында болдым. Еңбек жолымды аудандық өкпе аурулары диспансерінде бастадым. Одан әрі Шиелідегі РУШЕС-те жедел жәрдем бөлімшесі ашылып, тек жігіттерді қабылдап жатқанын естіп, сол жаққа жұмысқа сұрандым. 95-жылы ол мекеме тарқап, мен ауылдағы амбулаторияға Жәуенов Әбдразақ ағамыздың қарамағына жұмысқа келдім. Содан бері осы ауыл халқына қызмет етіп келе жатқаныма отыз жыл болыпты, – дейді ол. Ауыл фельдшері Әбілжан ағамыздың өмір жолы осындай. Бұл кісінің жары Клара Төлеубекқызы Ташкенттің Алмалық деген қаласында туған. Кезінде Өзбекстан жерін паналаған нағашы жұрттан қыз алып, сүйек жаңғыртып, барыс-келісті көбейтуді көздеген әке арманын тірілткен кенже ұлдың таңдауы осы қызға түсіпті. Әкесі болмаса да әкесіндей болған үлкен ағасы Сапар барлық бауырын оқытып-шоқытып, бір-бір үй қып шығарған екен. Өмірлік серігінің жүрген жері – РУШЕС-тің жатақхасында бірге тұрып, Шиелі аудандық емханасында медбикелік қызмет атқарған Клара Төлеубекқызының да Сунақата ауылдық емханасында еңбек етіп келе жатқанына отыз жыл болыпты.
Ауыл ауруханасының қазығы 2016 жылы қазылған. Бұған дейін елдімекенде шағын медпункт қана болды, сырқаттар Төменарық ауылдық ауруханасына қатынап ем алатын. Ауылда ФАП-тың ашылуы тұрғындар жағдайын көп жақсартқаны белгілі.
Ауыл халқына отыз жыл дәрігерлеік қызмет көрсеткен ерлі-зайыпты медик мамандарымыздың ұл-қыздары ата-ана жолын таңдады ма? Бұл сұрағымызға екеуі де өздерінің қарсылық білдіргенін жасырмады. Неге? Жастық кезеңдері тоқсаныншы жылдардың өтпелі кезеңдерімен тұспа-тұс келген екеуі жұмыстың ауырлығынан бой жазып, жан-жағына қарап үлгермей, қымбат уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалған тәрізді. Уақтылы ас ішіп, демалу былай тұрсын, бала-шағаның түріне дұрыстап қарап, тәрбиесімен тереңдеп айналысуға мүмкіндіктері болмапты. Мұндай жанкештілік Гиппократ антын қабылдаған, өз міндетіне шын берілген ақ халатты атаулыға тән қасиет болғандықтан онысын міндетсінбейді де. Бірақ өзі арқалаған ауыртпалықты баласына тілемейтін ата-ананың ежелден әдеті емес пе? Әйтпесе, медицина саласы бұрынғыыдан көп жетілді. Ауылдық жерлерде де кезекпен жұмыс істейтін деңгейде кадрлар толығып келеді.
Өткен күн естелігімен қымбат. Өмірі қыл үстінде тұрған талайдың жанына араша болу – бүкіл саналы ғұмырының мағынасына тең мәртебені еншілеткені үшін екеуі де өздерін бақытты санайды.
Төтелеп келсе, аурудың үлкен-кішісі жоқ. Ауыл дәрігерінің қан қысымы қатты көтеріліп кеткен нешеме сырқатқа нақтылы ем көрсетіп, өміріне араша болғаны бір бөлек, бірде аяғына балық аулайтын қармақтың сымы кіріп кетіп, қансырауға айналған балаға жедел ем жасап, денеге қадалған сымды арнайы құралмен алып тастап, орнын заласыздандырып, байлап-таңып беруде хирургтен кем емес біліктілігі жас өмірді ажалдан арашалап қалумен тең еді десек асыра айтқандық емес. Бұл өз алдына, «Жедел жәрдем» жоқ кезі, өзі жедел шақырудан үйге енді оралып, тынығуға жатқан таңсәріде аяқасты толғатып, жағдайы ауырлаған жүкті анаға бірінші болып жетіп, есен-сау босандырып алғаны өз алдына бір ерлік еді. Тоқсан жетінші жылы туылған бұл сәби Мақсат деген есімді еншіледі. Сәбидің кіндігін кім кессе, соған ұқсайды деген бар ғой. «Мінезі маған ұқсаса ұқсайтын шығар, әйтеуір біртоға, көп сөйлемейтін бала» дейді ағамыз.
Иә, үндемей жүрсе де үлкен іс бітіріп жүрер осындай азаматтар, ауыл өмірінің негізгі тетігіне жарап, елдің арқасүйері болып келеді. Еңбектен бақытын тапқан жандар бүгінде тұңғыштары – Санжардан көрген немерелерінің қызығына кенеліп отыр.
Адам-қоғамның басты байлығы. Дені сау, ерік-жігері мол болумен қатар ізгілікті тәрбиені бойға сіңіріп, рухани кемел тұлғаның қалыптасуы екі үлкен сала – медицина мен мәдениеттің өкілдеріне үлкен міндет жүктейді. Сунақата ауылының әкімі Ақылбек Жұмаділлаевтың редакциямызға арнайы келіп, ел өмірін өркениетке жетелеуде тәлім-талабы бөлек ауыл интеллигенциясының асқақ ұстанымына айрықша тоқталып, бірі ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункте денсаулық сақшылары, енді бірі мәдениет саласын дөңгелентіп келе жатқан ерлі-зайыпты қос отбасы туралы төл газетімізде кеңінен жазып, көпке таныстырсаңыздар деген тілегінің астарында өмірдің осындай ақиқаты жатыр. Әрине, жақсылықтың жаршысы болуға асығатын әдетімізбен келесі күні Сунақата ауылына бет түзедік. Алдымен шағын медициналық нысанға маңдай тіреп, тыныс-тіршілігіне зер салдық. Бас дәрігер Болатұлы Азамат Әбілқасымовтың айтуынша, елдімекенге нақты тұрғылықты тіркелгендер регистрінде 1725 ауыл тұрғыны есепте тұр. Аурудың алдын алу, скринингтік тексерулер нәтижесі жаман емес. Сырқаттанушыларға және жазатайым жарақат алғандарға алғашқы медико-санитарлық қызмет көрсетуде, есепте тұратын науқастарға тиісті деңгейде ем жасауда процедуралық кабинет және 5 төсектік күндізгі емдеу бөлімі жұмыс істеп тұр. Жалпы, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстану деңгейі өскен. Соның нәтижесінде қауіпті ауруларды ерте сатысында анықтау жолға қойылды. Кене шаққан немесе үй жануарларынан зақым алған жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну, балаларға мезгілінде екпе алу мәселесіне жіті көзқарас бар. Бұл ретте аудандық СЭС мекемесі, ауыл көшелеріне бекітілген 13 медқызметкер нақты жұмыс жүргізіп келеді екен.
БІР САЛАДА ОТЫЗ БЕС ЖЫЛ
Дәрігерге дейін ауруларды қабылдау бөлмесі. Бұл кабинетте біз іздеп келген кейіпкеріміз – Досмағанбет Әбілжан Кәрімұлын сырқатты қабылдау үстінде кездестірдік. Ол кісінің зайыбы Искандарова Клара Төлеубекқызы процедура кабинетінде медбике. Қызметте де, жанұяда да өмірдің ыстық-суығын қатар бастан өткеріп, ортақ жауапкершілік салмағын бірге арқалап келе жатқан ерлі-зайыптының өнегелі өмірі нендей сыр шертеді?
– Мен осы ауылдағы №194 орта мектебін 1983 жылы бітірдім. Қызылордадағы медициналық училищесіне оқуға түстім. Отбасындағы көп баладан дәрігерлікті қалаған жалғыз мен. Жетіншіні оқып жүргенде әкем, келер жылы анам өмірден ерте кетті. Екеуі де сырқаттанды. Бала жүрегім кенеттен келген кеселдің сырын білсем, желкесін үзер ем деген өкініштен өртеніп, өзімше алдыма қалайда медик боламын деген мақсат қойдым. Оқуды бітірген соң екі жыл әскер қатарында болдым. Еңбек жолымды аудандық өкпе аурулары диспансерінде бастадым. Одан әрі Шиелідегі РУШЕС-те жедел жәрдем бөлімшесі ашылып, тек жігіттерді қабылдап жатқанын естіп, сол жаққа жұмысқа сұрандым. 95-жылы ол мекеме тарқап, мен ауылдағы амбулаторияға Жәуенов Әбдразақ ағамыздың қарамағына жұмысқа келдім. Содан бері осы ауыл халқына қызмет етіп келе жатқаныма отыз жыл болыпты, – дейді ол. Ауыл фельдшері Әбілжан ағамыздың өмір жолы осындай. Бұл кісінің жары Клара Төлеубекқызы Ташкенттің Алмалық деген қаласында туған. Кезінде Өзбекстан жерін паналаған нағашы жұрттан қыз алып, сүйек жаңғыртып, барыс-келісті көбейтуді көздеген әке арманын тірілткен кенже ұлдың таңдауы осы қызға түсіпті. Әкесі болмаса да әкесіндей болған үлкен ағасы Сапар барлық бауырын оқытып-шоқытып, бір-бір үй қып шығарған екен. Өмірлік серігінің жүрген жері – РУШЕС-тің жатақхасында бірге тұрып, Шиелі аудандық емханасында медбикелік қызмет атқарған Клара Төлеубекқызының да Сунақата ауылдық емханасында еңбек етіп келе жатқанына отыз жыл болыпты.
Ауыл ауруханасының қазығы 2016 жылы қазылған. Бұған дейін елдімекенде шағын медпункт қана болды, сырқаттар Төменарық ауылдық ауруханасына қатынап ем алатын. Ауылда ФАП-тың ашылуы тұрғындар жағдайын көп жақсартқаны белгілі.
Ауыл халқына отыз жыл дәрігерлеік қызмет көрсеткен ерлі-зайыпты медик мамандарымыздың ұл-қыздары ата-ана жолын таңдады ма? Бұл сұрағымызға екеуі де өздерінің қарсылық білдіргенін жасырмады. Неге? Жастық кезеңдері тоқсаныншы жылдардың өтпелі кезеңдерімен тұспа-тұс келген екеуі жұмыстың ауырлығынан бой жазып, жан-жағына қарап үлгермей, қымбат уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалған тәрізді. Уақтылы ас ішіп, демалу былай тұрсын, бала-шағаның түріне дұрыстап қарап, тәрбиесімен тереңдеп айналысуға мүмкіндіктері болмапты. Мұндай жанкештілік Гиппократ антын қабылдаған, өз міндетіне шын берілген ақ халатты атаулыға тән қасиет болғандықтан онысын міндетсінбейді де. Бірақ өзі арқалаған ауыртпалықты баласына тілемейтін ата-ананың ежелден әдеті емес пе? Әйтпесе, медицина саласы бұрынғыыдан көп жетілді. Ауылдық жерлерде де кезекпен жұмыс істейтін деңгейде кадрлар толығып келеді.
Өткен күн естелігімен қымбат. Өмірі қыл үстінде тұрған талайдың жанына араша болу – бүкіл саналы ғұмырының мағынасына тең мәртебені еншілеткені үшін екеуі де өздерін бақытты санайды. Төтелеп келсе, аурудың үлкен-кішісі жоқ. Ауыл дәрігерінің қан қысымы қатты көтеріліп кеткен нешеме сырқатқа нақтылы ем көрсетіп, өміріне араша болғаны бір бөлек, бірде аяғына балық аулайтын қармақтың сымы кіріп кетіп, қансырауға айналған балаға жедел ем жасап, денеге қадалған сымды арнайы құралмен алып тастап, орнын заласыздандырып, байлап-таңып беруде хирургтен кем емес біліктілігі жас өмірді ажалдан арашалап қалумен тең еді десек асыра айтқандық емес. Бұл өз алдына, «Жедел жәрдем» жоқ кезі, өзі жедел шақырудан үйге енді оралып, тынығуға жатқан таңсәріде аяқасты толғатып, жағдайы ауырлаған жүкті анаға бірінші болып жетіп, есен-сау босандырып алғаны өз алдына бір ерлік еді. Тоқсан жетінші жылы туылған бұл сәби Мақсат деген есімді еншіледі. Сәбидің кіндігін кім кессе, соған ұқсайды деген бар ғой. «Мінезі маған ұқсаса ұқсайтын шығар, әйтеуір біртоға, көп сөйлемейтін бала» дейді ағамыз.

Баян ҮСЕЙІНОВА