№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырға толы құт мекен

Сырға толы құт мекен


Сунақата ауылдық округіне қарасты ұжым-мекемелер арасындла ай сайын өтіп келе жатқан «рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбы аясында ұйымдастырылып келе жатқан өнер байқауының бұл жолғы шымылдығын ауыл әкімі аппараты қызметкерлері айқара ашты.
Жергілікті атқарушы орган ретінде халықпен қолма-қолтық жұмыс жасап, ізгілікті қоғамның қазығын тереңдетуде талапты еңбек етіп келе жатқан әкімдік қызметкерлерінің дені жастарды құрайды екен. Әу баста өздері ұйытқы болып, ауыл өміріне серпіліс сыйлаған шараның тізгіні өз қолдарына тиген соң намысқа тырысып, тың жоба, жаңаша мазмұнда бағдарлама түзуге барынша тер төккендері байқалды.
Олар музыкалық қойылымды ел-жер тарихын зерделеуден бастапты. Хисамеддин бабаның келуімен қараңғылық түнегінің түріліп, ілім шамшырағы нұрландырған рухани өрлеу дәуірі кезеңін көз алдымызға елестетін көрініс сахналады.
Елді мекеннің колхоздастыру кезеңі, одан әрі өсіп-өркендеп, егемен ел атанғалы қоғамдық сананың қайта жаңаруы, бүгінгідей жаһандану заманындағы ұлттық биігін сақтап қалу қадамдарын айғақтайтын асыл үрдістердің айшықты бейнесін өнер тілімен шебер жеткізген талап иелері туған жер шежіресін көркем сөзбен кестеледі.
Ауыл әкімі аппаратында абыройлы еңбек етіп келе жатқан Нұрбек, Сәуле, Гүлжанат, Асқат, Нұржан, Нұрмат, Жамал, сынды жігіттеріміз ән салып, би билеуден биік өнердің үлгісін көрсете білді.
Әрине, мәдени шараны жан-жақты мазмұнмен байытып, көрермен көңіліне жол тартуда эстетикалық көркемдік және сахнаның безендірілуі басты маңызға ие. Осы тұрғыдан келгенде, командасының кәсіби деңгейден кенжелеп қалмауына қамқорлығын аямаған ауыл әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаевтың озық технологияның жетістіктерін игілікке икемдеуде көп жаңашылдыққа барғанын айтуға тиіспіз.
Елбасының халыққа Үндеді ішкі руханиятымыз арқылы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге жол көрсетті. Ендеше, ұлт көшбасшысының дара жолында биік шыңдарды бірге бағындыруымыз қажет.
Баян ҮСЕЙІНОВА.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 198 0