Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды

«Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды


Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» сынды 10 аталым бойынша жүргізіледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының м.а. Біржан Әлімжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

«Үміткерлер талантты, белсенді, шығармашыл, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ түрлі салаларда қоғамды дамытуға үлес қосып жүрген Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары болуы керек», – деді спикер.
Әр жылдары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері – еліміздің асқақ туын әлемге желбіретіп танытқан спортшы Дастан Сатпаев, өнер саласында өзіндік орны бар Димаш Құдайберген және тағы да басқа өнерлі жастар болды. Бұл аталған жастар «Дарын» сыйлығы лауреаттардың аз ғана бөлігі.
Ағымдағы жылы 17 маусымда «Дарын» сыйлығына үміткерлерден құжат қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Толық ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында (mki.gov.kz) қол жетімді.
17 маусым 2026 ж. 107 0