№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені



Ізгілікті қоғам құруға бағытталған барша құндылықтар отбасында қалыптасады. Келешек өмірге қол ұстасып жұптасып бірге қадам аттаған жас жұбайлар осындай жауапкершілігін сезіне ме? Жастарымызды болашақ отбасы бақытына байыпты көзқарасқа баулуда бағыт-бағдарымыз қандай? Бұл жөнінде жиын модераторы, аудандық орталық кітапхана директоры Әсем Тілеубергенова сөз кезегін ауданның бас имамы Садулла Омаровқа берді.
– Жер бетіндегі адамзат бір ата, бір анадан жаралған. Неке – ердің әйел алдындағы жақысын, әйелдің ері алдында ақысын сипаттайтын киелі ұғым. Осы заңдылық мықтап сақталған отбасында береке болады. Ерін хан тұтқан әйел ханшайым болады. Ата-ананың перзенті алдындағы міндеті жақсы ат қою, ілім үйрету, көркем мінезге баулу, жақсы жар таңдау, – дей келе, отбасы – рухани құндылықтарды қалыптастыратын мектеп, сондықтан отбасының әрбір мүшесі өз міндеттіліктерін адал атқаруы керек екенін айтты.
Бүгін – күн жұма, сонымен қатар Пайғамбарымыздың (С.А.У) туған күні – Мәуліт айының алғашқы күні екеніне тоқталып, осы күнге ізгі ниетті шараны ұйымдастырып отырған ұлттың бүгіні мен болашағының жанашырларының қызметіне береке тіледі.
Бүгінде әйел – азаматтардың ролі ерлермен бірдей, қоғамның барлық сапасында қызмет атқаруға құқылы. Осы орайда Сунақата ауылының әкімі қызметін атқарған, Елбасымен кездесу жиынында «мен әкім болсам да отбасында аяулы жар, үлгілі келін болуды міндетім деп түсінемін» деген сөзімен Мемлекет басшысының риясыз ықыласын иеленген Әзия Қыстаубаева ері Кенбай Қыжыров екеуі сахна төріне қошеметпен шақырылып, елге өнегелік өсиеттерін айтуға мүмкіндік берілді. Өнегелі отбасы ретінде дәріптелген Қыжыровтар отбасына залда отырған жастар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, мазмұнды жауаптардың куәсі болдық.
Отбасымыздағы туындаған мәселелерді шешу, балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық, отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асырған қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері туралы көп жылдар ауданымызда судья болып қызмет атқарған, сала ардагері Кенжекүл Көпесова жан-жақты түсініктеме жасап, ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Заңның тегеурінділігін, әркімнің өз құқына жауапкершілігін жете сезіндіру мақсатында адамдық соттың бұдан бұрын да халықты қатыстыра отырып ашық сот отырыстарын өткізу талабына куә болып, оған өзіміз де қатысып, басылымда ақпараттандырып жүрміз. Ал бүгінгідей, яғни әйел – ана тақырыбына дендей бет бұрып, тереңірек талқыға салған шарадан нәзік жандыларға артылар міндет салмағын таразылай түскендейміз.
                                                                                                                    Баян ҮСЕЙІНОВА.
09 тамыз 2019 ж. 927 0