№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысына ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке компаниялар байланыс, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды белсенді түрде дамытып келеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықаралық ынтымақтастық перспективасына тоқталып, Ресей Федерациясымен және басқа да шетелдік серіктестермен стратегиялық ықпалдастықты дамыту қажет екенін айтты. Байқоңыр қаласы мен оған жақын аудандарда тұратын азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға мән берілді.
17 маусым 2026 ж. 260 0