№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Бір сағат әкеммен» атты кездесу-сұхбат кеші

«Бір сағат әкеммен» атты кездесу-сұхбат кеші


2026 жылдың 16 маусым күні «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Жанұя шуағы» және «Сұхбат TIME» бағыттары бойынша маусым айының үшінші жексенбісі – Әкелер күніне орай «Бір сағат әкеммен» атты кездесу-сұхбат кеші өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкенің қоғам мен отбасыдағы рөлін насихаттау, әке мен бала арасындағы сыйластықты, өзара түсіністік пен рухани байланысты нығайту.

Кездесу-сұхбат кешіне арнайы қонақ ретінде Нақыповтар отбасы, Ыдырысовтар отбасы және Уанышбаевтар отбасы қатысты.

Шараны Шалқия кенттік мәдениет үйінің директоры құттықтау сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, Шалқия кенті әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскері Абылайхан Уәлиханұлы қатысып, Әкелер күнінің маңызы мен мәні туралы баяндама жасап, әкенің отбасыдағы және бала тәрбиесіндегі ерекше орны жайында кеңінен әңгімеледі.

Шара барысында балалар өз әкелері туралы жылы лебіздерін білдіріп, олардың бойындағы жақсы қасиеттерді ерекше ықыласпен әңгімеледі. Бұл бөлім қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, әке мен бала арасындағы шынайы сүйіспеншілік пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

«Бір-біріңізді білесіз бе?» атты қызықты бөлімде әкелер мен балаларға арнайы дайындалған сұрақтар жазылған карточкалар таратылып, олар бір-бірінің қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарына қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, түрлі жағдаяттар ұсынылып, олардан шығу жолдары талқыланып, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кеш барысында қатысушы отбасылар өз өнерлерін ортаға салды. Балалар күй тартып, ән айтып, өлең оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шара соңында Шалқия кенттік мәдениет үйі мен кенттік кітапхана ұжымы дайындаған арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар қатысушы отбасыларға табысталды. Қонақтар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралардың ұрпақ тәрбиесіндегі мәні ерекше екенін атап өтті.

«Бір сағат әкеммен» атты кездесу-сұхбат кеші қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, әке мен бала арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған тағылымды әрі мазмұнды шара ретінде өз мәресіне жетті.

Шараны Шалқия кенттік мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Үсенова Айман Күмісбекқызы жүргізді.
17 маусым 2026 ж. 33 0