МАҚАЛА БАЙҚАУЫ!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру мақсатындағы мақала байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушы:
«Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі.
Қатысушылар:
Жаңақорған ауданының БАҚ өкілдері (БАҚ саласына қатысты арнайы оқу орнын аяқтағандығы жөніндегі дипломы, болмаған жағдайда салада кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі бар Жаңақорған ауданының тұрғыны болуы тиіс).
Мақсаты:
Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заң үстемдігін насихаттау. Байқауға қатысушылар арасында ой еңбегін дамыту.
Қойылатын талаптар:
- Мақала 2026 жылдың 1-25 маусым аралығында жазылған, сол мерзімде БАҚ-да жариялануы тиіс (газетте, әлеуметтік желідегі жеке парақшасында, немесе сайтта, осының біреуінде);
- Microsoft Word бағдарламасында терілуі тиіс;
- Негізгі мәтін қарпі аrial, 1 беттен кем емес, 3 беттен аспауы тиіс;
- Мәтін қарпінің мөлшері 14 шрифт;
- Жол аралық интервалы 1;
- Мақала Жасанды интеллект арқылы дайындалмауы, көшірме (плагиат) болмауы тиіс;
- Мақала қайтарылмайды.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша айқындалады.
Комиссия өкілеттігі:
Комиссия мүшелерінің шешімімен 2026 жылдың 25 маусым күні жинақталған мақалалар арасынан жүлделі орындар анықталып, жеңімпаздар «28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары күніне» орай ұйымдастырылатын іс-шарада марапатталады.
Жеңімпаздар:
I-орын, II-орын, III-орын жүлделі орындарға дипломдар мен сертификаттар (ақшалай марапаттар) беріледі.
Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқауға қатысушы үміткерлер 2026 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 25 маусым аралығында өзі туралы толық ақпаратты және мақаласын 8 702 941 5292 ватсап нөмеріне жолдауы тиіс.
Қосымша ақпарат: 8 702 941-52-92 ватсап нөмері арқылы алуға болады. Ескерту: комиссия қарауына берілген жұмыстар қайтарылмайды, комиссия мүшелерінің шешімі талқылауға жатпайды!




