№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам қасіреті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам қасіреті


Жемқорлық – қазіргі таңда әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелер­дің бірі. Кез-келген өркениетті қо­ғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес кезек күттірмейтін міндет. Өйткені ол сан күрмеулі әрі оның зарда­бы ұлт­тық қауіпсіздікке қауіп-қа­тер әке­­летіндігі күмәнсіз. Соны­мен қатар елдің әлеуметтік-эконо­мика­лық дамуына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс десек артық болмас. Тәуелсіздік алған уа­қыттан бері түрлі бағдарлама­лар қабылданып, жүйелі жұмыс жүр­гізіліп келеді. Бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ.

«Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, төрелігің неге керек, халықтың көңілі тол­маса» деген нақыл сөздің аста­рында терең мағына бар әрі бұл нақыл елім деп қызмет етіп жүр­ген азаматтардың басты бағдары іспеттес. Өйткені сыбайлас жем­қорлық – заманмен бірге өсіп, небір тегеурінді қарсылықтарға қарамастан, қайда көп қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Әлбетте, бұл біздің елімізде ғана емес, жа­һан жұртының алдында тұрған әлеуметтік қасірет. Қарап отырсақ, бұл ықылым заманнан бері өз шенін жоғарылату, ешбір қиындықсыз кез-келген нәрседен өтіп кету, қала­­ған жұмысқа орналасу, қызметте өсу және болған­ды болмағандай етіп шығару секілді көзбояушылық жем­қорлықтың әрекеті.
Бұрын «жемқорлық», «пара», «сы­байлас» деген сөздерді естіген­де құла­ғымыз елең ете қалатын еді, алайда, қазір оған етіміз үйреніп кеткендей. Адамдар осын­дай жайттарды көре тұра бір-біріне сенімсіздікпен, күдікпен қа­райды. Кішкене қиындыққа тап бола қалсақ, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен өткіміз келетіні ащы да болса шындық. Әйтсе де, соңғы уақыттары бұл дертпен қоғам болып күресіп жатқаны­мыз белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекет­тің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет», – деген болатын.

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, жас мемлекетіміздің буынын берік ұс­таймыз десек, уақыттан туындаған түр­лі кеселдерден айығуды міндетті күн тәртібіне айналдырғанымыз жөн.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болған, еңсесі биік отыз мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Жалпы сыбайлас жемқорлық­қа қарсы күрес жеке адамдар­дың немесе жекелеген топтың ға­на емес, жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттік органдарда қызмет жасайтын қызметкерлердің, тіпті тәуелсіз елдің әрбір азаматы­ның парызы деп түсінгеніміз жөн. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауа­зым иесі, тіпті әрбір қазақстандық азамат өзінің жан-дүниесін ұдайы таза әрі адал ұстауы тиіс. сонда ғана олар қоғамның сенімін ақтап, ел экономикасының дамуына үлес қосқан болар еді.
Біздің қоғамда сыбайлас жем­қорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін бі­ріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

У.Жамурова,
Жаңақорған аудандық қазынашылық
басқармасының бас маманы,
бас қазынашысы
14 қазан 2023 ж. 235 0