» » АУДАН ӘКІМІ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде Жаңақорған кенті тұрғындарымен кездесті. Кездесуге кент тұрғындары, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен аудан басшысы тұрғындарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар сондай ақ, Жаңақорған кентінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы және алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жөнінде шолу жасады.
Кездесуге қатысқан кент тұрғындары аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, өздерінің де ұсыныс-пікірлерін айтты.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініш - тілектері әркез назарда болатынын, алдағы уақытта кезең - кезеңімен шешім табатынын жеткізді.Сонымен қатар аудан басшысы тұрғындарды тазалық сақтауға, аудан орталығын бірге көркейтуге шақырды.

Жиын соңында ауданымыздың ақсақалдары аудан әкімінің алдағы жоспарларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
26 маусым 2025 ж. 112 0