№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жемқорлық - өзекті мәселе

Жемқорлық - өзекті мәселе

Қазіргі таңда еліміздің дамуына бірден-бір кедергі әрі үлкен мәселенің бірі, бұл – сыбайлас жемқорлық екені анық. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті індет десек артық болмас. Ең сорақысы, осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, бұл індетпен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе.


Тіпті, әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша заң қабылданып, жүзеге асырылуда. Осыдан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілгені белгілі. Яғни, атаулы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың зардабын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды тұлғалары мен басқа да адамдардың сыбайлас жемқорлыққа байланысын, құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Сондықтан да, мемлекет басшысы алға қойып отырған осынау міндеттерді жүзеге асыруға, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз дұрыс.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайту мақсатында басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015- 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негіз деуге болады. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Қоғамдағы көкейтесті мәселеге айналған жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет, елдің дамуына тежеу десек артық емес. Ал біздің осыған қарсы қолданар қаруымыз – қоғам, яғни сіз бен біз. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, түгел қарсы болғанда ғана бұл індетті жеңіп шыға аламыз. Бұл індетті жою бәріміздің ортақ міндетіміз. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды, адам өмірін құрдымға жіберері даусыз. Біздің елде адам құқы бәрінен маңызды. Бұл орайда мемлекетіміз бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алып келеді. Мемлетімізде жемқорлықтың пайда болу себептеріне жол ашатын факторларға негіз жоқ. Жұмысымызды барынша үйлестірумен қатар барлық құрылымдар мен бюджет қаражатын пайдалану құзыретіне қадағалау жасауда биік жауапкершілік шеңберінде жұмыс жасай отырып, қызмет барысында бірде-бір көлеңкелі артық әрекеттердің орын алмауына барынша мүдделілік танытып келеміз. Кез келген қоғам мүшесі үшін бұл мәселенің мәні зор.

Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Өз елінің болашағына алаңдайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін, Қазақстан Республикасының әр азаматы бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін сезінуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күшжігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұрсақ және оны кеңінен насихаттасақ, жемқорлықты жеңуге септігін тигізер еді. Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз керек-ақ. Өркениетті алға жетелейтін бағытты ұстанып, артқа тартатын түрлі келеңсіздіктен сақтанып, жаман дертті дер кезінде ауыздықтап болашаққа нық сеніммен қадам басуға ұмтылуға тиіспіз.

Гүлнұр ЕРКІНБЕКҚЫЗЫ, Жаңақорған аудандық қазынашылық
басқармасының бас маманы, бас қазынашы
22 шілде 2023 ж. 196 0