Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Осы негізде Жаңақорған аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айыпты теріске шығару» атты тақырыбында семинар өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева семинарды ашып, аудандық соттың бас маманы аға сот приставы А.Абдраимоваға аталған тақырып бойынша баяндама жасау үшін сөз берді.
А.Абдраимова өз баяндамасында мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021жылғы 1қыркүйектегі Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты» жоюға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы тапсырма берілгендігін айтты.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс және мемлекеттік қызметшілерге қатысты кез-келген жағымсыз ақпараттың жариялануы халықтың билікке деген сеніміне теріс әсер ететіні сөзсіз.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы айқындалғанын, аталған заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс екенін және мемлекеттік қызметші өзіне қатысты сыбайлас жемқорлық жасағаны жөнінде жалған ақпарат жарияланғанын анықтаған уақыттан бастап 2 жұмыс күн ішінде жарияланған ақпарат көзін персоналды басқару қызметі және әдеп жөніндегі уәкілге хабарлауы керек екенін және сол персоналды басқару қызметі мен әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметші хабарлаған сәттен бастап 1 жұмыс күн ішінде мемлекеттік орган басшысына, ал жарияланған ақпаратты өздері анықтаған сәттен бастап 2 жұмыс күн ішінде жарияланған ақпарат көзін және қандай мемлекеттік қызметшіге қатысты жарияланғанын анықтап, мемлекеттік орган басшысы мен мемлекеттік қызметшіге жеткізу міндетті екенін айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағымы.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес.
щынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.