№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Жемқорлықтың алдын алу – басты міндет»

«Жемқорлықтың алдын алу – басты міндет»


Қазіргі таңда әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша заң қабылданып, жүзеге асырылуда. Осыдан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың заңдарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды тұлғалары мен басқа да адамдардың сыбайлас жемқорлыққа байланысын, құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жарлығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекіткен. Бұл бағдарламаның басты мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Сондықтан да, Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр.Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
          
                 Авторы: Жаңақорған аудандық сотының бас маманы А.Нысанбаева
19 қаңтар 2018 ж. 2 485 0