№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы

Жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күннің талабы


Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресу өзекті мәселе болып келеді. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іштен ірітетін жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін қауіпті дерт. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы дертпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.


Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын бұл көрініс саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әрбір қоғам дамуында күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және желілік арналар арқылы арқылы қоғам мүшелеріне насихатталып келеді.
Жаңақорған ауданының Азаматтық қорғау органының қызметкерлеріне күнделікті Сыбайлас жемқорлық туралы және үнемі бөлімнің апта сайын өткізілетін жиналысында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ай сайын бөлімнің сынып бөлмесінде дәрістер өткізіледі.

Шынболат Шамбилов,
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін
атқарушы, азаматтық қорғау майоры

01 тамыз 2023 ж. 488 0