№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жер учаскелері электронды беріледі: қайтіп, қалай, қашан?

Жер учаскелері электронды беріледі: қайтіп, қалай, қашан?


Сыр өңіріндегі аудандар арасынан алғаш рет Жаңақорғанда нысаналы мақсаттағы жерлерді электронды аукционмен сату жүйесі іске қосылды. Яғни мемлекет меншігіндегі босалқы жерлерді сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелері онлайн сервисі арқылы өткізіледі. Енді кез келген тұрғын бизнесі үшін өзіне қолайлы аумақтағы жер телімін сатып алу үшін кабинет аралап, таныс-тамыр іздеп, табан тоздырмайды. Үйде отырып-ақ электронды сайт арқылы тіркеліп, керек құжатты рәсімдеп, уақыты келгенде аукционға қатысады да, жеңімпаз атануға мүмкіндік мол. Тек оппонентінен жоғары баға ұсына алса болғаны. Бұл жүйенің тиімділігін, оның жүзеге асырылу жолы мен қандай құжат дайындалу керектігін брифинг барысында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегеновтен білдік.


Иә, осыған дейін аукциондардың қа­лай өткендігі мен кімдер жеңімпаз атанғандығын жақсы білеміз. Алдымен газетке аукцион туралы хабарлама бе­ріледі, одан соң арнайы комиссия құ­рылып, үміткерлер қаражат ұсынып, сатып алады. Оп-оңай. Оған 9 желтоқ­санда анық-қанығын білетін боламыз. Бұл күні аудан бойынша 19 жер телімі аукционға шығарылады. Олардың ныса­на­лы мақсаты кәсіпкерлік бағы­тын­да бол­мақ, үй жайларға қызмет көрсету деп құжатта көрсетілген.
– Аудан әкімі Руслан Рүстемов жер учаскелерін жариялы әрі ашық беруді айтып, мұндай тың тәжірибені зерттеп, зерделеп, тезірек іске қосуды тапсырды. Сөйтіп, Кентау қаласы әкімдігінің тәжірибесіне мән бердік. Ау­ыл­ша­руа­шылығы министрінің 2021 жыл­ғы 15 қа­зан­ындағы №297 бұй­рығымен «Жер учас­келерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурс, аук­ционды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-пор­та­лында электрондық түрде ұйым­дастыру мен өткізу» қағидасына сәйкес жүзеге асы­руды қолға алдық. Жалпы бұл жүйе­нің мақсаты – бәсе­келестік ортаны қа­лып­­тастыру. Бастысы, кәсіпкерлікті бас­тауға ын­­талы немесе шағын және орта бизнес өкіл­деріне мүмкіндік туғызу, – деді бөлім басшысы.
Шыны керек, біздің ауданда кә­сіпкерлік ғимаратты жалға алу мен 10 сот­тық жердің құны шарықтап тұр. Ал, тұрғын үйді айтпасақ та болады. Тіпті тұрғындар әр аумақтағы жер құнын да өлшеп, қолданысқа енгізіп қойған-ды. Мәселен, Саяжайда бір үйлік жердің бағасы 1 млн теңгеден басталса, Иппод­ром мен МАИ бекеті аумағында 1,5-2 млн теңгедан басталып 3-3,5 млн тең­геге дейін барады. Кенттің орталық көше­леріндегі үйлер мен учаскелер бұ­дан қымбат болмаса, арзан емес. Бұл жерлерді зәулім үй саласыз, ал, кәсіп­кер­лік бағытқа ауыстырғыңыз келсе, тағы құжат дайындауға тура ке­леді. Егер электронды жүйе арқылы жеңімпаз атан­саңыз, арзанға түсері анық.
– Бұрын аукционға салынған жер­дің нақты орналасқан аумағы көрсе­тілмейтін. Жалпы МАИ бекеті деп берілді, қазір базада сол жер қай көшеде екені көрсетіліп тұрады. Заңдылыққа сүйенсек, электрондық ұйымдастыру мен өткізу қағидалары Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-6 тармақшасына жә­не 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
– Қалай тіркеледі? Соған тоқ­тал­саңыз...
– Электронды аукцион қатысуға ниет танытқан азамат gosreestr.kz сай­ты­на кіріп, жеке кабинет ашады. Ол үшін өзінің электронды мекен-жайын көр­се­теді және екінші деңгейлі банктегі рек­визитін көрсетіп, тіркеледі.
– Мұның артықшылығы неде?
– Электронды тетіктің басты артық­шы­лығы – тұрғындар мен мекеме қыз­мет­­керлері бір-бірін көр­­мейді. Себебі толтырып, келісім-шартқа отырады, арнайы чек арқылы бір айдың ішінде ақшасын екінші деңгейлі банк арқылы аударады. Бұл жерде кім жоғары баға береді, сол жеңімпаз атанады.
– Алғашқы электронды аукцион қа­шан, қалай өтеді?
– 2021 жылдың 9 желтоқсанында сағат 8.00-ге дейін gosreestr.kz мем­ле­кеттік мүлік тізілімінің веб-пор­талына аукционға құжаттарды қа­былдау жүр­гізіледі.
Аукционға бір не­ме­се жар­ты сағат қалғанда сайтқа кіріп, «сіз қатысуға дайынсыз ба?» деген шығады, осыны басу керек. Егер басып үлгермесеңіз, он­да қатыса алмайсыз.
– Білуімше, аукционға қаты­сушы кепілдік жарна төлеу керек. Бұл қа­лай жүзеге асады және құ­ны қанша теңгені құрайды?
– Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың шотына төленеді. Кепілдік жарнаны алушы «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ. Барлық құжатты тапсырған соң кепілдік жарнаны төлейсіз, бір жарнаның құны жердің бағалануына байланысты. Мәселен, алдағы аукционда кепілдік жарнаның мөлшері 145850 теңге, тек кент­тегі Ордакент көшесінің бойынан бері­летін 40 соттық жердің алғашқы баға­лау құны 1 млн 472 мың теңге бол­ғаннан соң, жарна мөлшері 220800 теңге­ні көрсетті. Бірақ, бір кепілдік жарна ар­қылы бір ғана жердің аукционына түсе алады. Ал, тағы қосымша түскіңіз келсе онда екінші жарнаны төлеуіңізге тура келеді. Мынаны түсініп алу керек, егер сатылымға шығатын жер көлемі «0,2 десе», онда ол – 20 соттық, ал, «0,020» деп көрсетілсе, ол – 2 соттық деген сөз.
– Егер жеңімпаз алудан бас тар­тып, көрсетілген құжатты қа­был­да­маса не болады?
– Егер сіз жеңіп шықсаңыз, онда электронды келісім-шартқа отырасыз. Отыр­ғаннан кейін бір ай ішінде көрсетіл­ген қаржыны мемлекет қазы­на­сына құю­­ы­ңыз тиіс. Олай бол­ма­ған жағдайда, өткізілмеген болып табы­лады және қай­та аукционға жіберіледі.
Жоғарыда gosreestr.kz сай­ты­на кіріп, жеке кабинет ашып, онда өзі туралы толық ақпаратты қалдыруы тиіс дедім ғой! Оның себебі, қатысушы жеңілген жағдайда сонда көрсетілген екінші деңгейлі банктегі шотқа жарнаның қаржысы қайтарылады, болмаса келесі аук­ционға қатысуға мүмкіндік алады.
Ал, жеңім­паз болған азаматтың ке­піл­дік жарнасы қайтарылмайды. Яғни 145 мың теңге мемлекет меншігіне ке­те­ді.
Жеңімпаз бар­лық құжатын дай­ындап, жерді же­ке меншігіне өткізіп, көрсетілген ныса­налы бағыты бой­ынша іске асырса он­да оны жалға беру­ге немесе сатуға то­лық құқылы. Хора­сан ата көшесінің бойындағы 2 шаршы метр жерге жарнамалық тақта ілуге бағытталған бастапқы құны 7360 теңге, жеңімпаз ол аумаққа тақта іліп, жарнаманы ақылы шығарып табыс табуына болады. ЛЕД экран орнатып, сол арқылы жарнамалық роликтерді көр­сетуіне мүмкіндігі бар.
– Тұрғындар тарапынан өзге өңірден ұтып алса не болмақ деген сауалдар туындауда?
– Ұтса ұтсын, біз жергілікті тұрғын ғана түсуі тиіс деп шектеу қоя алмаймыз. Жеңімпаз басқа облыстан болса еш айырмашылығы жоқ, мүмкін ол бізге қажетті бизнес түрін ауданнан ашып, дамытса қанекей!
Мұндағы мақсат – ашықтық пен жариялылықты ұстанып, тұрғындардың жер учаскелеріне қолжетімділік пен мүмкіндік тудыру. Жалпы жеңімпаздар шартта, заңдылықта көрсетілген мақ­­сатта ғана жерді пайдалана алады, егер мақсатсыз пайдаланса мем­ле­кетке қай­та қайтарады. Ал, үш жыл­дың ішін­де ешқандай құрылыс жүргізілмесе онда жеке меншік жері мемлекет менші­гіне өтеді. Егер осы мәселелер бой­ынша сауал туындаса, біздің бөлімге хабар­ласып, мән-жайды толық түсініп алуға бо­лады.
Бұл жүйенің тиімді тұсы өте көп, бірінші орында сыбайластыққа жол бер­меу. Тағы қайталап айтамыз, аукционына түскен азаматтар бір-бірін мүлдем көр­мей­ді. Онлайн арқылы компьютер жеңім­пазды анықтайды, жеңсеңіз келі­сімге қол қойып ақшаны аударасыз, жер қатынастары бөлімі құжат толық рәсімделген соң қазығыңызды қағып беруге барады. Ал, жеңіліс тапсаңыз кепілдік жарнаңыз қайтадан өз шоты­ңызға кері қайтарылады. Бары осы, тек жер емес, қазір электрондық жүйеге барлық сала көше бастады. Мәселен, 2020 жылғы 23 желтоқсанда 10 жер қой­науы учаскесі бойынша бірінші электрондық аукцион өткізілген болатын. Көмірсутектегі шикізатына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру­ге арналған екінші электрондық аук­ционды Энергетика министрлігі биыл 23 сәуірде 8 учаске бойынша өз интернет-ресурсын өткізді.
Осылайша, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аукциондар бұрын қағаз жүзінде жүргізіліп, қатысушыларға белгілі бір қолайсыздық туғызса, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жер қойнауын пай­да­лану құқығын алуға мүдделі тұлға аук­циондарға онлайн тәртіпте қатыса алады. Жаңа тетік нарықтың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюрократияны және бизнес үшін де, мемлекет үшін де шығындарды айтарлықтай азайтады.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ




04 желтоқсан 2021 ж. 322 0