Жаңақорған аудандық сотында пара алды деген күдікпен сотталушыға қатысты брифинг өтті
Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының төраға міндетін атқарушы А.Б.Тубекбаева сотталушы Б. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен қаралған қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы Б., «Жаңақорған аудандық жер қатынастар бөлімі» КММ-нің бас маманы қызметін атқарып жүріп, 2018 жылдың тамыз айында азаматша И., Жаңақорған ауданында аукцион арқылы сатылып жатқан жер телімдерін қалай алуға болатыны жайлы білгісі келіп келгенінде оған аукционның уақыты өтіп кеткенін, алайда қазан айында болатын аукционға құжаттарын дайындауы, аукционға қатысатын екінші адам И., өз адамы болуы қажет екенін, сол адамның орнына кепіл жарнасын төлеуі қажеттігін, арнайы рахметі үшін көмек беретінін білдірген. Осыдан кейін сотталушы Б., өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, өткізілетін аукционның ұйымдастырушысы немесе өткізушісі болмаса да азаматша И., кепіл жарнасын төлегендігі туралы түбіртекті кешіктіріп алып келіп тұрғанына қарамастан, құжаттарын қабылдап, аукционға қатысушы екінші адам Е., келмесе де оның атынан өтініш жазып, жер қатынастар бөлімінің кіріс журналына тіркетіп, 08.10.2018 жылы «Батыс-Қытай –Батыс Европа» тас жолының бойында орналасқан 0,5000 гектар жер телімін сату үшін өткізілген аукционда азаматша И., жеңімпаз болып танылуына ықпал етіп, сөйлесу барысында оған көмектескені үшін 100000 теңге көлемінде пара сұрап, ұялы телефондағы «Whats App» қосымшасы арқылы хабарлама жіберген. 16.10.2018 жылы азаматша И., арызы негізінде жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері кезінде сотталушы Б., жер телімін сатып алу үшін өткізілген аукционда ұтқызып бергені үшін азаматша И., 100 000 теңге пара ретінде алу барысында ұсталған.
Істі сотта қарау барысында, сотталушы Б., кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін, алдағы уақытта қайталанбайтынын, бас бостандығынан айырмайтындай жаза тағайындауды сұрады.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы Б., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік органда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма бес еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде 2500000 теңге айыппұл салынды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Үкім заңды күшіне енген.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі