№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚАНДАЙ?

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚАНДАЙ?


Цифрландыру – Қазақстанның озық отыздыққа ену жолындағы негізгі құрал. Сондықтан цифрлық экожүйесін дамыту аса маңызды мәселеге айналды. Мұны Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында нақтылап айтты. Осы ретте, Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыру жолдарын айқындады. Соның ішінде цифрлық мемлекетке көшу бағдары тұр. Аталған модельге көшу азаматтарға интернет ресуртар мен мобильді қосымша арқылы қызмет алуына мүмкіндік береді. Мәселен, қазақстандықтар электрондық үкіметтің игілігін көре бастады.
– Бүгінде ақпараттық техниканың қарыштап дамуы көз алдымыздан өтіп жатыр. Бұл адамдардың өмір сүруін оңайлататын бірден-бір жоба. Мәселен, мен смартфондағы бірнеше қосымшалардың арқасында көп қажеттілігімді жүзеге асырып отырмын. Қарапайым мысал келтіретін болсам, бүгінгі ең сұранысқа ие Kaspi банк пен Халық банк қосымшасынан өзіме қажеттіні үйде отырып аламын. Міне, бұл электронды ақпараттың артықшылығы, – дейді кент тұрғыны Мағжан Берженбаев.
– Бала күтімінде үйде отырған анамын. Балаларыма көбіне e.gov.kz порталы арқылы дәрігер шақыртамын. Бұрынғыға қарағанда қағазбастылық азайғанына тағы бір дәлел, бала босанғаннан кейін бір ғана арыздың көмегімен біршеше қажеттілікті орындауға болады. Сонымен қатар, интернет магазиндерге тапсырыс беру де сауда жасаудың ең тиімді жолы деп ойлаймын, – дейді Самал Қыдырқожева.
Расында, аудандық денсаулық сақтау саласында электронды құжат бойынша өтініштер түсіп, оларға қызмет көрсетіліп келеді. Мәселен, денсаулық сақтау басқармасына 2017 жылы емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 61543 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 15192 қызметі «электронды үкімет» e.gov.kz веб-порталы арқылы ұсынылған. Оның ішінде «Дәрігердің қабылдауына жазылу» қағаз түрінде 21075 болса, e.gov.kz арқылы 11571, «Дәрігерді үйге шақырту» қағаз түрінде 11119 болса, e.gov.kz арқылы 3310, «БМСК ұйымына тіркелу» қағаз түрінде 4729 болса, e.gov.kz арқылы 351-ді құрап отыр. Бұл көрсеткіштерге қарап, аудан халқының электронды құжатты өз қажетіне асырып жүргенін аңғаруға болады.
– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілген». Қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың 2015 жылғы 22-ші қазандағы №202 қаулысына сәйкес денсаулық сақтау саласында тұрғындарға 18 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіліп жатыр. Оның ішінде дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақырту, БМСК ұйымына тіркелу сынды үш мемлекеттік көрсетілетін қызмет электронды түрде жүзеге асырылады, – дейді аудандық емхананың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Әбітаева.
Гүлзат Самидинқызының айтуынша, ауданда 2017 жылдың тамыз айынан бастап кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілуде. Осы жүйені іске асыру мақсатында ауданның барлық тұрғындарын осы жүйенің базасына енгізген. Жаңа жүйе толық қолданысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруі едәуір қысқармақ. Сондай-ақ, аудан халқы электрондық денсаулық паспортына қол жеткізеді. Бұл дегеніміз – бұрынғы амбулаториялық кітапша жойылып, оның орнына электронды карта пайда болады. Кешенді медициналық ақпараттық жүйенің тағы бір тиімділігі оны кез-келген тұрғын қалта телефоны арқылы пайдалана алады. Яғни, арнайы қосымшамен дәрігер қабылдауына жазылуына мүмкіндігі мол. Жаңа жүйенің e.gov.kz порталынан басты айырмашылығы арнайы кілт алуды қажет етпейді.
Сондай-ақ, ауданда «электронды бағалау» жобасы бойынша 12 білім ордасы «электронды күнделікпен» бағаланады. Ол арқылы кез-келген ата-ана «kundelik.kz» сайты арқылы баласының оқу үлгерімін үйде отырып тексеруге мүмкіндік алады.
– Облыс бойынша электронды бағалауға 125 мектеп көшкен. Ал, ауданда он екі мектеп осы жобамен жұмыс жасайды. Соның арқасында, әр ата-ана жеке құпия код арқылы баласының күнделікті үлгерімін тексере алады, – дейді аудандық білім бөлімінің математика-физика әдіскері Салтанат Төлепбергенова.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
20 қаңтар 2018 ж. 1 877 0