№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ: 680 ТҰРҒЫНДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ: 680 ТҰРҒЫНДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫДЫ


"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында жүзеге аса бастаған саланың бірі электронды еңбек биржасы. Оның мақсаты – ж
ұмыс берушімен жұмыс іздеуші арасындағы байланысты жеңілдету. Яғни, қос тарап арасындағы уағдаластық пен байланысты уақыт күттірмей шешуге мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, электронды еңбек биржасы тиімді тәсіл. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығынан бұл жүйенің нақты қалай жүзеге асып жатқанын білген болатынбыз.
2018 жылдың басынан бергі 10 айдың қорытындысымен жалпы аудан бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны –1440-ты құраған. Оның 680-і осы электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасқандар. Осы жүйенің толыққанды қолға алынып келе жатқандығының нәтижесінде жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығының көмегінсіз-ақ «enbek.kz» порталына кіру арқылы өзіне қажетті кадрды таңдап немесе өздеріне қажетті маманға байланысты ұсыныстарына қалдыруда. Қазіргі уақытта аудандағы барлық мекемелер мен жұмыс беруші орындар, тіпті жеке кәсіпкерлердің өзі осы жүйенің тиімділігін пайдалануда. 
Жалпы, жұмыс іздеушілер порталға тегін тіркеледі. Сайттан еліміздің кез келген өңіріндегі, қаласындағы бос жұмыс орнын көруге болады. Бұрынырақ айлап іздейтін жұмыс орнын қазіргі уақытта аздаған уақыт ішінде табуға мол мүмкіншілік туып отыр,-дейді Арал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Алдашев.
Жұмыспен қамту орталығындағы осы сынды оңтайландырылған жүйе бүгінде өз тиімділігі арқылы көпшілктің қолданысына терең еніп отыр. Бұл жерде бастысы әрбір жұмыс беруші немесе жұмыс іздеуші азаматтар өздерінің уақытын тиімді пайдалану арқылы қағазбастылықтан арылады. Екіншіден, жүйе көмегімен әрбір саладағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға және оны болдырмауға мол мүмкіндік туындайды. Ең бастысы, электронды еңбек биржасы арқылы саладағы ашықтық пен жариялылық жүзеге асады.

Ерлан РАЙЫМБЕК.
26 қараша 2018 ж. 1 180 0