№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызыл гүлім – қызғалдағым

Қызыл гүлім – қызғалдағым


Бірлік ауылындағы №7 «Қызғалдақ» балабақшасының ұжымы Алғыс айту күнін зор мереймен қарсы алдық. Осы күні бақшамызда тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің ата-анасын шақырып, қонақ еттік. Көрермендерге сәбилердің өздері ән айтып, би билеп, концерт қойып берді.

Жалпы ауылымыздағы мемлекеттік балабақшаның жұмысын ақсатпай, ата-ананың сенімінен шығуда бала бағбандары ынты-шынтымызбен жұмыс жасап келеміз.
Мен өзім балалар мекенінің басшысы ретінде әрбір тәрбиешіге қояр талабым – бүлдіршіндер еркін өсуі керек. Балабақшаның мектептен көп айырмашылығы бар. Ұлағат ұясының қазығы қадалған күннен бастап тәрбие ман тағылым ережелерінің негізгі ұстанымы айқындалған. Біз осы бағдарды жалпы басшылыққа алып, жас өркеннен жүрек жылуымызды аямасақ дейміз.
Мекктепке дейінгі мекемені«балабақша» дейміз. Бұл орыста да, қытайда да , французда да осылай балалар бақшасы деген ұғымды береді екен.
Жалпы бұл атау қайдан шыққан?
1837 жылы неміс педагогі Фридрих Фребель кішкентай бүлдіршіндердің қоғамдық ортада  ойнап, ән айтып, би билеп, өмірлік маңызды дағдылардыүйренуіне жағдай қалыптастыру жайын зерделеп көріп осындай орынды  «балалар бағы» деп атапты. Тереңіне ойлап қарасаңыз,  баланы мәпелеп күту мен өсімдікті баптау өсіру арасында ұқсастық көп. Жас өскін – балапан да  гүл сияқты уақтылы қадағалауда ұстап, ережемен бағып-күтіліп, қамқорлық пен дұрыс ортада дамуы тиіс. Осылайша Фребельдің идесы әлемге таралып, «балабақша» ұғымы бала тәрбиесінің идеалына айналған.
Міне, осынау дүниежүзілік кеңістікте қолдау тапқан атаудың қасиетіне кір жуытпау – ортақ міндетіміз.

Гүлбану МОМЫНХАНОВА,
балабақша меңгерушісі
05 наурыз 2025 ж. 168 0