Соңғы жаңалықтар

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Ерке наз» бақшасына – 10 жыл

«Ерке наз» бақшасына – 10 жыл


Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы. Ал балабақшаның міндеті – аз ғана уақыт ішінде бала санасын белгілі бір дәрежеге жеткізіп, өмірге деген көзқарасын оятып, қоршаған ортаны таныту. Осындай міндетті абыроймен атқарып, сапалы әрі саналы тәрбие беріп, бүлдіршіндерді түлетіп үлгерген балабақшалардың бірі – «Ерке наздың» орны ерек. Аталған бөбекжай балабақшасының – 10 жылдығына орай арнайы іс-шара болып өтті.

Он жыл «Ерке Наз» бөбекжай балабақшасы үшін жемісті де, жеңісті жылдар болып есептеледі. Алғаш ашылған күннен бастап бүгінге дейін қаншама түлекті ұшырып, жаңа өмірге сәттілік тілеп шығарып салды.
Бөбекжайды тыныс-тіршілігін бекемдеп, ата-аналармен арадағы алтын көпірді аялап келе жатқан «Ерке наз» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілер ұжымы мереке күні өз өнерлерін ортаға салды.
Кеш шымылдығы «Сұлу қыз» атты көрініспен ашылды. «Парасат» тобының бүлдіршіндері Халық күйі «Келіншекті» музыкалық аспаптар оркестрімен орындады. Балабақшадан түлеп ұшып мектеп табалдырығын аттаған түлектердің өнері ата-ана көңілін қуанышқа бөледі.
Қорытындыда бөбекжай меңгерушісі Сандуғаш Балғабаева өнерпаздарға алғыс білдірді.

Жәмила ЕРМАХАН

18 мамыр 2024 ж. 468 0