№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жекеменшік балабақшаның жетістігі

Жекеменшік балабақшаның жетістігі

  Бірлік ауылындағы «Нұрасыл-Ш» жекеменшік бала­бақшасындағы игі істер Жаңақорған аудандық салт-дәстүр семинарында басқаларға үлгі ретінде ұсынылды.

   Қарт Қаратаудың қойнауындағы елді-мекендердің мем­лекеттік және жекеменшік балабақшалардың мамандары Бірлік ауылында бас қосып, «Әлеумет білім беру: «Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлері» деген тақырыпта семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске қатысушылардың негізгі бөлігі жекеменшік балабақшалардың өкілдері болып шықты.
«Нұрасыл-Ш» балабақшасының меңгерушісі Кахраба Спатаеваның айтуынша, жергілікті кәсіпкер Шаттық Тайжановтың құрылтайшылығымен ашылған бұл жекеменшік мекеменің қызмет көрсеткеніне сегіз жыл болыпты. Бастапқыда қиыншылықтар болғанымен уақыт өте келе кәсіби біліктіліктерін шыңдап, озық тәжірибелерді игеріп келе жатыр. Мұндағы «Айгөлек» пен «Еркетай» топтарында елу бала тәрбиеленіп жатса, олардың ішіндегі ересек 14 баланы бөлек дәрістерге үйрету арқылы мектепке әзірлеуде. Бұрын бүлдіршіндерді «Тәй-тәй» технологиясы бойынша үйретіп келсе, ендігі жерде «Триз» технологиясымен баланы еркін жіберіп, оның ой-өрісіне шектеу қоймау арқылы сыртынан бақылау жүргізуде.
  «Ғылым», «Зерттеу», «Дарын» тобына бөлінген бүлдіршіндердің өнерін тамашалаған семинар-кеңес қатысушылары бұл әдістің жақсы жақтары мен кемшін тұстарын ортаға салды.
«Құттықожа» балабақшасының әдіскері Гүлмира Жетпісова: «Жекеменшік балабақша болғандықтан аудиториялары тар. Даму ойындары асықпен, торсықпен берілуі құптарлық. «Қымызхана» төріндегі балалардың өздерін еркін ұстап, салт-дәстүрлерді көрсетуі, айтысқа түсуі қызықтырды. Негізі, жергілікті басшылықтар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар деп бөле-жармай, қамқорлықты бірдей көрсеткені абзал. Өйткені, бәріміздің де илеп жатқанымыз бір терінің пұшпағы. Баланың ой-өрісін лайықты дәрежеде дамытып, мектепке әзірлеу. Бұл тұрғыда «Нұрасыл-Ш» балабақшасынан үйренеріміз көп. Осындай семинар кеңестер жиі өткізіліп тұруын қалаймыз», – дейді.
Бүлдіршіндер «Жеті ата, «Жыл мезгілі», апта аттары мен онға дейінгі сандарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде меңгергендігін көрсетті. Бәрінен бұрын, бүлдіршіндердің түрлі қойылымдарды өздері жасап, қысылып-қымтырылмай ән айтып, «Ханталапай, «Арқан тарту», «Қол күресі» сынды спорт түрлеріне, «Бесік той» сахналық көріністерге белсене қатысуы тәрбиешілерді тәнті етті. Әсіресе, қыз бен жігіт айтысы қыран топан күлкіге кенелтті.

Ескендір Ертай.

03 сәуір 2019 ж. 1 183 0