Соңғы жаңалықтар

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: «ТАҒЗЫМ» МЕМОРИАЛЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: «ТАҒЗЫМ» МЕМОРИАЛЫ ТАЗАРТЫЛДЫ


Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалына тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Таза бейсенбі» акциясының ауқымы кең. Акция аясында әр апта сайын түрлі іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Бүгін біз қасіретті жылдарда жазықсыз жапа шеккен құрбандарға арналған мемориалға тазалық жұмыстарын жүргіздік. Оларды ұмытпау-біздің парызымыз»- дейді Жаңақорған аудандық партия филиалының Төрағасы Арман Мажитов.
Игілікті шараға аудандық партия филиалының қызметкерлері, «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері белсенді қатысты.
Акция барысында алаңдағы ескерткіштер тазартылып, қоқыстар шығарылды.
26 маусым 2025 ж. 211 0