Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мейір ұялаған мекеме

Мейір ұялаған мекеме


Мемлекет қамқорлығымен Қожакент ауылына қоныс тепкен 90 орындық «Аялы алақан» балалар бақшасы бүгінде тұрғылықты халықтың тұрмысына таяныш болып, сәби жасындағы бүлдіршіндерді саясына ап, жеке тұлғалық қарым-қабілетке тәрбиелеуді міндетіне алып отырған ауылдағы еңселі тәлім ошағы. Ашылған күннен бастап өзінің кішкентай тұрғындарының көңілінен шығып, ата-ананың көзайымына айналған аталмыш мекеменің барлық кезде бүлдіршіндермен толық қамтылып, тірлігінің қайнап жатуы ұжым болып ортақ мақсат жолына бет түзеген бірлік пен ынтымақтың арқасында деуге болатындай. Біз мекеме басшысы Бақтыгүл Исмайловаға жолығып, балалар мекенінің қазіргі хал-күйі, бағыт-бағдары жөнінде әңгімелескен едік.

- Ашылғанына үшінші жылға аяқ басқан балалар мекенінің қажетті инвентарьлармен толық қамтылуы, кеңдігі мен жайлылығы жұмысымыздың мазмұнына да жарқын көңіл-күй сыйлап отыр десек те, періштелер мекенін сәбидің жанына жақын тұтуы бала бағбандарының пейілі мен мейіріне келіп тірелетінін әркез есте ұстауға тырысамыз. Тәлімгерлердің алдына қойып отырған басты талабым осы. Екіншіден, ел сеніп қолымызға тапсырған әр үйдің еркесін егемен елдің ертеңі деп бағалап, әрқайсысының бойына тәрбие-талбесіктің ғажайып құндылықтарын қалыптастыруда қадамы кең, қарымы құлашты, қанатты идеяларды игілігімізге жаратуға жан-жақты ізденісті жұмыс жасап келеміз. Бүгінге дейін баланың ой көкжиегін «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша ілгері дамытуға жұмыс жасасақ, соңғы кезде жаңартылған білім бағдарламасы бойынша ізденістерге қадам бастық. Мұнда яғни вариативті компоненттерді бір-біріне кіріктіре меңгеру арқылы бүлдіршін бойында нақты көзқарасты қалыптастырып, танымын тереңдете түсуге болады. Әрине, бұл әдіс-тәсілдерді оқу іс-әрекетіңді орынды қолдану қабілеті тәлімгерлердің білім-білігіне келіп тіреледі. Осы орайда ізденімпаз тәрбиешілер-Ұлдархан Жорабекова мен Мақпал Сейтмұратованың өз кәсіптеріне жан тәнімен берілген адалдықтары, балаға деген бөлек қамқорлық болмыстары әріптестеріне үлгі-өнеге. Әрбір маманның құзыретіне кәсіби бағдар беруде балабақша әдіскері Әмина Қожамұратованың еңбегі ерекше дер едім.
Келешектің кілтін ұстар ұрпақтың ұлағат ұясына айналған алтын ұямыздың аурасын таза ұстап, биік рухымыздан ажырамау ел болашағына деген жарқын сеніміміздің кепілі. Елбасының кешегі Жолдауында айтылғандай «Қазақстандықтардың болашағы-қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады. Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады» деген талабы біздің де басты ұстанымыз. Бүлдіршіндерге үш тілді меңгертуде мамандарымыз тер төгіп келеді. Дегенмен де, ұлттық тәрбиенің бәсі бәрінен де биік. Тәрбиелік шаралардың да шынайы мазмұны халықтың педагогикамен қабысып жатады, – дейді ол. Мейірбан жүректі, білікті басшы Бақтыгүл Бектасқызының бәрінен бұрын бала бағбандарына қояр талабы жалғыз: жүздеріңізден жылу кетпесін.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
16 қаңтар 2018 ж. 1 494 0