№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас ұрпақ тәрбиесі маңызды

Жас ұрпақ тәрбиесі маңызды

Баланың тұлға болып қалыптасуында балабақшаның алатын орны ерекше. Балалар мекені бөбектердің қоршаған ортаға деген түсінік-танымын да қалыптастырады. Ал осында қызмет атқаратын әрбір қызметкер баланы жан-жақты дамытып, мейірімді, қайырымды, әдепті болып өсуіне атсалысады. Жас ұрпақты тәрбиелі, білімді, адамгершілігі мол азамат етіп өсіру жолында ауданымыздағы «Еркетай» балабақшасының орны ерекше. Бұл ретте, білікті басшы, жаңашыл іскер, балабақша меңгерушісі Жауһар Ысқақованың жетістігінің өзі бір төбе.


 Кейіпкеріміз «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын тәмамдап, бүгінде алған білімін біліктілігімен дәлелдеп келеді. Алғашқы еңбек жолынан бастап терең білімі мен бала тәрбиесіне деген адалдығының арқасында өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді. Бүлдіршіннің саналы ұрпақ болып қалыптасуы үшін сапалы біліммен қатар денінің саулығын да бірінші кезекке қоятын меңгеруші балғынның уақытылы ас ішіп, дене жаттығуымен айналысуына зор назар аударады. Қалтқысыз қызметі арқылы ілтипатқа бөленген тәлімді жанның әр күнін баланы ойната отырып, білім беру керек деген ұстаныммен бастайды. Өйткені балабақша баспалдағында рухани азық алып өскен баланың келешегі кемел болатынын жақсы түсінеді. Ұжым қызметкерлерінің басты мақсаты – күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен бастайтынын өзімізде көріп қайттық.

– Мен үшін әр сәбидің орны ерекше. Кез-келген ата-ана сәбиін бізге үкілеген үмітпен қалдырғандықтан, осы міндет жауапкершілігін біз де ешқашан естен шығарған емеспіз. Сондықтан, олардың тәрбиесіне, біліміне, денсаулығына, дұрыс тамақтануына біз тікелей жауаптымыз. Әр үйдің ерке баласын тәрбиелеп, ата-ана сенімінен шығудың өзі оңай жұмыс емес. Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Балабақшаның материалдық базасы жақсы. Жиһаз, кереует, ойыншықтармен толық қамтылған. Бүлдіршіндердің сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқу-әдістемелік құралдар жеткілікті. Бұл ретте балабақша құрылтайшысы Нұржан Ақылханұлы мен Гүлмира Тұрарқызының еңбектері ерен десем артық болмас. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері де бар. Балалардың ой-өрісін жанжақты қалыптастыру мақсатында түрлі ойындар мен жарыстар, ертеңгіліктер ұйымдастырып тұрамыз. Осы уақытқа дейін өзім тәрбиешілерге үздіксіз тәрбие мен білім беруде жаңартылған педагогикалық технологияларды кеңінен қолдануды насихаттап, бағыт бағдар беріп отырамыз. Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады. Балабақшада ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған, – дейді ол.

Иә, баланы өмірінің нұрына балайтын Жауһар Ысқақова бақшадағы балалардың әр күнін алдымен сергіту жаттығуымен бастап, мемлекеттік әнұранды шырқатып, бүл-діршіндердің бойына Отансүйгіштік қасиетті сіңіруге бағыттайтынын да тілге тиек етті. Тәрбиешілердің әрбір сабақтарын бала жалықпас үшін, ойындар мен арнайы ойыншықтарды кейіпкер ретінде араластырып, көрнекілік құралдармен бала көңілін аулайтын етіп өтуін де қадағайтынын байқадық.

Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол адам болып қалыптасудың баспалдағын қалыптастырушы, келешек ұрпақтың қоғамнан өз орнын тауып, айтар ойын еркін жеткізуге бағытбағдар беруші. Бұл тұрғыда «Еркетай» балабақшасының балаларға берері көп.

P.S. Иә, балғындардың салиқалы ұрпақ болып жетіліп, олардың өмірден өз орнын адаспай табуына, тұлға болып қалыптасуына ата-анадан кейінгі тікелей жауапты жан – бала бағбаны. Осы тұста бүгінгі кейіпкеріміздің бір күндік жұмыс барысымен танысып, оның өз ортасында беделі асқақ, қызметкерлеріне талапшыл әрі берері мол меңгеруші екеніне көз жеткіздік. Қорыта айтқанда, Жауһар Әбілқасымқызының бала тәрбиесіне келген аса жауапты әрі абыройлы қызмет сайнайтынына көзіміз жетті.

Әсел РЗАЕВА
10 шілде 2023 ж. 267 0