№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ашықтық пен жариялылық – тиімді жұмыс тетігі

Ашықтық пен жариялылық – тиімді жұмыс тетігі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашықтық пен жариялылықты қолдап, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануды талап етті. Бүгінде барлық мемлекеттік құрылымдар халықпен етене жақын байланыс орнатып жұмыс істеуді жолға қойды. Осындай үлгілі бастаманы, аудан прокуроры Дарын Әбіштің осымен екінші жыл қатарынан халыққа атқарған жұмысы жөнінде есеп бергенінен көрдік.

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басшылары және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысқан алқалы басқосуды аудан басшысы Руслан Рүстемов ашып, жиынның маңызын сөз етті.
Одан әрі аудан прокуроры Дарын Елтайұлы қоғамдық саяси ахуал тұ­рақтылығын қамтамасыз ету, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мәселесі мен азаматтарды жұмыспен қамту, жер беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және білім беру саласы бойынша жетістіктер мен кемшіліктерді саралады.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» қағидаты берік орнығуы керектігін айтты. Осыған орай, жыл басында қылмыстық істер бойынша негізгі процестік шешімді электрондық енгізу және электрондық қадағалау бойынша 3 буында модель іске қосылды. Құқық қорғау органдары жыл бойы осы тәсілмен жұмыс атқарды. Қолданысындағы қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамаларға елеулі өзгерістер еніп, онда прокурорға айрықша өкілеттілік белгіленді, – деді прокурор.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі ұйымдастырылды. Оның дәлелі, облыс деңгейінде өткен «Үздік айыптау актісі» сайысында Жаңақорған аудандық про­куратурасы бас жүлдені алды. Қараған­ды қаласындағы Б.Бейсенов атындағы академиясында тергеу, анық­тау кри­миналист мамандары ара­сында өткен республикалық байқауында полиция бөлімінің аға анықтаушысы Бақытжан Абжалов «Үздік анықтаушысы» атанды.
Құқық қорғау саласының қызмет­керлеріне қойылатын басты талап – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, заң бұзушылықтың алдын алу. Яғни кінәліні жазалау емес, керісінше оны болдырмау бағытында жұмыс жасау міндеті тұр. Әсіресе, қоғамдық-саяси ахуалды бақылап, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болдырмауға күш салуы тиіс.
Аудан прокурорының баяндамасынан осы бағыттағы жұмыстарды бағдар­ладық. Кешенді іс-шаралардың нәтиже­сінде бірқатар қылмыс түрі өткен жылмен салыстырғанда азайған. Алай­да жекелеген қылмыс түрлерінің орын алуы тыйылар емес. Яғни алаяқтық, денсаулыққа қасақана зиян келтiру қылмысы өсім алды. Мәселен, денсаулыққа қасақана зиян келтiруге қатысты 4 қылмыстық іс тіркелді. Алаяқтық қылмыстары бой­ынша 28 (17) жағдай орын алды. Ал, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты 3 (1) іс орын алды.
Бұдан қылмыстылықтың алдын-алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың төмен деңгейде жүргізілгенін байқауға болады. Биыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қызметіне талдау жүргізіп, заң бұзушылықтар анықталды. Белгілі болғандай, қолданыстағы заң­нама талабының орындалуы сын көтермейді, тұрмыстық зорлық-зом­былық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушыларға қатысты қорғау нұсқамасы орындалмай, заң бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған пәрменді шаралар жүргізілмейді. Бір ғана мысал, инспекторлар құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандардың есебі жоқ.
Әрине, жұмысты жүйелеп, нақты нәтиже көрсетуде талап қою орынды. Аудандық прокуратурамен анықталған заң бұзушылықтар бойынша жергілікті атқарушы және құқық қорғау орган­дарының 83 қызметкері тәртіптік жау­аптылыққа тартылды. Оның 74-і жергілікті атқарушы орган қызметкері.
Осыданбір жыл бұрынғы баяндамам­­да кенттің 10 кәсіпкері жеке қабылдауым­да болып, жол белгілерінің тиісті дәре­же­де қойылмауынан кәсіптеріне кедергі ба­рын алға тарты. Нақтырақ айтсақ, Аман­гелді Иманов көшесінің бойында орна­ласқан «Нұрасыл», «Ғани» дүкенінің және Манап Көкенов көшесіндегі «Нұр» базарының төңірегіндегі жол белгілері мен шартты сызықтар заң талаптарына сәйкес еместігі, соның салдарынан аудан орталығы тұрғындарының жүріп-тұруына, көлік қозғалысына кедергі барын айтты. Бұл мәселені жергілікті билікпен бірлесе отырып, оң шешімін табуына ықпал жасадық, – деді Дарын Әбіш.
Аудандық прокуратура жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, жарық шамдарын орнату жұмысы бойынша дара кәсіпкермен әр көшеге жеке-жеке шарт жасап, артықшылық көр­сету дерегі анықталды. Яғни мем­лекеттік сатып алу арқылы жүруі тиіс жұмыс түрін бір көзден беріп, заң бұзушылыққа жол берді.  Осы негізде прокурорлық қадағалау актісі әзірленіп, соның қорытындысымен Ақүйік ауылдық округінің әкімі ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасының 207-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар аудан прокуроры, аудандық білім бөлімі, денсаулықты сақтау, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде орын алған құқық бұзу­шылқтарға да арнайы тоқталып өтті.
Әлеуметтік мәселелерді шешуде бюджеттің кіріс көздерін арттырып, қазынаға қаржы түсіру жолдарын шешу маңызды. Бұл істе салық төлеушілердің мәдениеті маңызды рөлге ие. Бірақ азаматтар арасында салық төлеуден жалтару фактісі жиі орын алады. Алқалы кездесу де бұл мәселе де тыс қалмады. Жергілікті әкімдердің арасында мүлік, көлік, жер салығын жинауды ұйымдастыру жұмысына немқұрайлы қарайтындары басым. Олай болмаса аудан бойынша 401,5 млн. теңгеден астам қарыз қалыптасар ма еді?!
Одан әрі аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғани Асанұлы баяндама жасап, аудандағы қыл­мыстық ахуалдың барысы, оның ішінде жекелеген қылмыс түрлерінің өсім алу себебін түсіндірді.
Мәжіліске қатысқандар арасында Қарасай Әшірбеков пен Сандуғаш Тұрлыбекова сауал жолдап, құзырлы орган тарапынан тиісті жауабын алды.
– Есептілік болған жерде жұмыс жүреді. Аудан прокурорының жария­лық пен ашықтықты ұстануы құп­тарлық іс. Мұндай кездесуде халық жүйелі жұмыстарды жадына тоқып, толғандырып жүрген сұрағын қояды. Менің де ұсынысым бар. Аманкелді көшесі кеңейтіліп, жол белгілері қойылды. Солай бола тұра, көлік саны артып, орталық көше тарлық етуде. Енді мұны шешуде айналмалы жол салуды ұсынамын, – деді құқық қорғау саласының ардагері Әлібек Сүгірбаев.
Бәтуалы басқосудың соңында аудан әкімі Руслан Рүстемов әрбір қоғам мүшесі заң талаптарына жауаптылықпен қарап, тиісті жұмы­сына сергектік танытуды маң­ызды екенін айтып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Журналист ретінде жиыннан түй­генім, ашықтық пен жариялылық – тиімді жұмыс тетігі.
Айсұлу АЛДАНАЗАР
25 желтоқсан 2021 ж. 440 0