№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоғамдық бақылау – ашықтық кепілі

Қоғамдық бақылау – ашықтық кепілі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару – мемлекеттік органдар қызметінің негізгі міндеті екенін белгіледі. Яғни халыққа ашық есеп беретін мемлекет құру «Ашық Үкімет» құрудың маңыздылығын айтты. Аудан әкімі жұмыс тәжірибесінде ашықтық пен жариялықты ұстанатынын іспен дәлелдеп келеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі «OpenZhanakorgan» жобасын іске асырып, фейсбукте парақша ашты. Тұрғындар тарапынан түсетін пікірлер мен сұрақтар толықтай бақылауға алынып, олардың тиімді шешілуі жолға қойылды. Бүгінде кез-келген аудан тұрғыны әлеуметтік желі арқылы аудан әкіміне, аудандағы жергілікті атқарушы органдарға тікелей сауал қояды. Мәселен, жыл басынан бері аудан әкімдігіне тұрғындардан 557 өтініш түсіп, заңға сәйкес жауап берілді.
Өтініш білдіруші азаматтардың басым бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімін сұрау, әлеуметтік және материалдық көмек көрсету мәселесін көтерген.
Оны талдайтын болса, «Біз біргеміз» акциясы аясында 1583 азаматқа жалпы соммасы 79,150 миллион теңге берілді. Сондай-ақ шаруа қожалықтар, кәсіпкерлердің және басқа демеушілер есебінен 1123 отбасына 20,166 миллион теңгенің азық-түлігімен көмек көрсетілді. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы негізінде 23 жобаға 706 адамды жұмысқа тарту жоспарланып, жүзеге асыру тетіктері қаралды. Жастар практикасымен қоғамдық жұмыстарға 465,9 миллион теңге қаражат бөлініп, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі жалғасын табуда.
Осы бағытта жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелеріне байланысты азамат­тарды қабылдау жұмысын қашықтан ұйым­дастыру, яғни онлайн-қабыл­дау жүргізу кестесі бекітіліп, аудан әкімдігінің ресми сайтында жария­ланып, азаматтарды онлайн қабылдау жүргізіле бастады.
– Аудан әкімі өзінің фейсбуктегі аккаунтында атқарып жатқан жұмыс­тары жөнінде баяндап, тұрғындардың сауалын жауап беріп отырады. Кез-келген тұрғынның сауалына мән беріп, шешілуді назарына ұстайды, – дейді әкімнің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров.
Ескерте кететіні, 2020 жылдың тамыз айынан бастап аудан әкімдігінің ресми сайтында өтініштерді қабылдау және жеке қабылдауға жазылу парақшалары ашылып, жұмыс жасай­тын болады. Интертнет ресурс арқы­лы қоғамдық қабылдау өткізіп, бюро­кратиялық кедергілерді азайту көзделіп отыр. Мұндай тиімділік тұрғындар сәтті пайдаланатыны сөзсіз. Себебі әлеуметтік желілерде аудан тұрғындарының белсенділігі артып келеді.
31 шілде 2020 ж. 344 0