«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел әлеуетін арттыру - басты мақсат

Ел әлеуетін арттыру - басты мақсат


Кез келген мемлекеттің әлеуметтік хал-ахуалы халықтың тұрмыс жағдайымен, тұрақты табыс көзімен сараланады. Сол себепті де, көп жағдайда статистикалық мәлімет пен нақты деректің алшақтығы көзге анық көрініп тұрады. Бұл жайында ел Президенті ҚасымЖомарт Кемелұлының: «Цифрлармен ойнауды қойып, нақты істерге көшетін кез келді» деп түйіндеуі көп нәрсені аңғартады. Расында, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, шынайы ақпаратқа көз жеткізе отырып сараптайтын болсақ, нақты кедейшілік пен жұмыссыздық мәселесінің қаншалықты күрмеулі болып тұрғанын анық байқауға болады. Сондықтан Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстанды» құрудың негізі қадамы ретінде ең алдымен кедейшілік пен жұмыссыздықты жоюды міндеттеді. Осы мақсатта ауданда қандай ілкімді жұмыстар атқарылып жатыр? Оның ішінде ұлттық жоба, мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту бағдарламалары бойынша қандай жұмыстар бар? Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосовамен осы мәселелер жөнінде сұхбаттасқан болатынбыз.

  – Жұмыссыздықты жою – бүгінгі күннің басты мәселесі. Өкінішке қарай, қоғамда жиі кездесетін көрініс, жұмыссыз жүрген азаматтарға тиісті орындар жұмыс ұсынса, қолды сілтеп, кері бұрылып кететіндер аз емес. Жасыратыны жоқ, кейбір тұрғындар оң жамбасына келетін жұмысқа да барғысы келмейді. Ол аздай қиыннан қиыстырып грант ұтып алып, басқа бағытқа жұмсайтындар да жоқ емес. Қалай десек те, елдегі әлеуметтік ахуал сын көтермейді. Күн сайын артқан қымбатшылықты жоюмен қатар, жұмыссыздықты азайту – мемлекеттің алдында тұрған өзекті мәселе, – дейді Аягөз Нұржанқызы.

Жұмыссыздық мәселесінің аудандағы ахуалы туралы ол сөзін былай өрбітті:

  – Өңірдегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамтылу деңгейі туралы айтатын болсақ, 34952 жұмыссыздың 33221і жұмыспен қамтылған. Оның ішінде жалдамалы қызметкерлер –17081 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 16140 адам. Ал, дәл қазіргі уақытта жұмыссыздар саны – 1731 адамға жетіп, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,0 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,4 пайызды құрап отыр. Атап айтсам, жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 3492 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны – 2922. Ресми жұмыссыздар саны 1827 адамды құрады

Осы тұста, нақтылай кетейін, тұрақты жұмыс орындарына – 724 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 65 адам, жастар практикасына – 216 адам орналасты. Қоғамдық жұмыс орындарына – 874 адам тартылды. 76 адам мемлекеттік грант алып, «Алғашқы жұмыс орындарына» – 31 адам тартылды. «Ұрпақтар келісім шартына» – 3 адам тұрақтанды. «Бастау-бизнес» жобасына оқуға жолданғандар 903 адам, «Күміс жас» жобасына қатысқандар саны – 30 адам.

– Білуімше, 2022 жылы 3118 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлаған едіңіздер. Бұл жоспар қаншалықты жүзеге асуда?

– Жоспарланған 3118 жаңа жұмыс орнына 1661 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 53,3 пайызға орындалды. Тарқата айтсам, жыл басынан бері ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізу жоспарланса, бүгінге дейін 8 рет өткізілді. 415 жұмыс беруші 1380 бос жұмыс орнын ұсынды. Оған 172 азаматқа жолдама берілді. Биылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы аудан әкімінің 2021 жылғы 06 желтоқсандағы №528 қаулысы бекітіліп, қазіргі таңға Мейірхан Ашимов «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мемкемесіне, Есимов Ерман №166 жалпы білім беру мектебіне, Абдуллаев Дархан «Орда Сығанақ» ЖШС-на, Спанова Маржан «Шипажай Жаңақорған» ЖШС, Ахметов Оразалы «Шалхия Даломит» ЖШС на орналасты. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.

– Жұмыссыз жастар үшін қандай бағдарламалар қолжетімді?

– Қазіргі уақытта «Бастау Бизнес» жобасы, «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Жасыл ел» жасақтары, «Ұрпақтар келісім-шарты» сынды бағдарламалар біздің ауданда да қолжетімді. Бұл бағдарламалардың игілігін көріп жатқандар аз емес. Алдағы уақытта бұл бағдарламалардың қарапайым халыққа тигізер пайдасы орасан зор. Тек, көпшілік осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, қолына түскен қаражатты басқа бағытқа жаратпай, нақты мақсатына жұмсаса өзін де, өзгені де жұмыспен қамтитыны сөзсіз.

– 2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның іске асырылу барысы ауданымызда қалай жүріп жатыр? Осыған кеңінен тоқтала кетсеңіз?

– Бұл бағыт бойынша еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға ағымдағы жылға жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес, облыстық бюджеттен 70 адамға 20853,0 мың теңге қаржы бөлінді. Биыл ауданымыздан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша «ENBEK BUSSINES» порталы арқылы 903 адам оқуға өтініш тапсырды. «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға республикалық бюджеттен жаңа жоспар бойынша 360 адамға 322228,0 мың теңге қаржы қаралып, есепті кезеңге 76 адамға грант берілді.

Ал, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамытуға әрі әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері Республикалық бюджеттен 51000,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған 100 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 27 жұмыс берушіге 65 адам жұмыс орындарына жолданды. Жылдық жоспар 65 пайызға, қаржысы есептік кезеңге 14677 мың 100 пайызға орындалды.

Жастар практикасын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 102917,0 мың теңге, облыстық бюджеттен (30 адамға )13784,0 мың теңге, ұлттық қордан 151160,0 мың теңге қаржы қаралған. Осыған 224 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі таңға 100 жұмыс берушіге 216 жас түлек жұмыс орындарына жолданды.

Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға 69 адамға республикалық бюджеттен 49668,0, мың теңге, қаралса, жергілікті бюджеттен 39 адамға 27975,0 мың теңге, Ұлттық қордан 367743,0 мың теңге қаралған. Осыдан бүгінгі таңға 874 адам жолданды. Алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 2022 жылға 11027,0 мың теңге, ұлттық қордан 17014,0 мың теңге қаралған. Осыған 15 адам жоспарланып, қазіргі таңға 31 адам жолданды. 2021 жылдан мерзімі аяқталмаған 10 адам 2022 жылға жалғастырып, 1 адам тұрақтанды. Игерілген қаржы 4142,0 мың теңге, ұлттық қордан 1 000,0 мың теңге игерілді. Ұрпақтар сабақтастығын ұйымдастыруға облыстық бюджеттен ағымдағы жылға 1838,0 мың теңге қаралған.Осыған 5 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 3 адам жолданды. «Күміс жас» жобасын ұйымдастыруға Ұлттық қордан ағымдағы жылға 34028,0 мың теңге қаралған. Осыған 30 адам жолдау жоспарланып, қазіргі таңға 30 адам жолданды.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға жасалып жатқан жұмыстарды да қамтып өтсеңіз?

– Бөлімшеде 116 мүгедек пен қарт есепте тұрады. Олардың барлығы да арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп және арнайы қызметтер бойынша көмектер көрсетілуде. Қарттарға кент және ауылдық округтер бойынша 22 әлеуметтік қызметкер 19,25 штаттық бірлікпен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бөлімде есепте тұрған қарияларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен ұйымдарға тіркеп, материалдық көмектер көрсетілді. 2022 жылдың 26 тамызына демеушілік есебінен қарияларға 624,7 мың теңге көлемінде қайырымдылық көрсетілді.

– Қоғамда аяғын шалыс басқандар да өмірден өз орнын тауып, жұмысқа бейімделуі керек. Осы тұрғыда жазасын өтеп келгендермен қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Қоғамға бейімдеу, жұмыспен қамту – бөлім жұмысының бір бағыты десек болады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінің есебіндегі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс орындарына 2022 жылға квота белгілеу туралы аудан әкімінің қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша биыл 4 адам жұмысқа орналасты.

– Халыққа көрсетіп отырған қызметтеріңіздің бірі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жайында тоқталсаңыз.

– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы ҚР-ның 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған аз қамтылған отбасыларға 2022 жылдың 8 айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1259 отбасының 7427 мүшесінен өтініш түсті. Өтініш берушінің отбасының материалдық жағдайы учаскелік комиссиямен тексеріліп, оң қорытындысын алған отбасыларға 351028,3 мың теңге төленді. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберін
де ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1032 қаулысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 1-6 жас аралығындағы балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 148924,0 мың теңге қаржы қаралып, барлығы 1497балаға 2995 химиялық тауарлар жиынтығы және 7579 азық-түлік жиынтығы тағайындалып, таратылды.

– Тағы бір сауал, жұмыс іздеп келушілерге тұрақты жұмыс тауып бере алмаған жағдайда қандай мүмкіншілік бар?

– Алдымен оларды әртүрлі санатқа бөліп қарастырамыз. Кейбірінің мамандығы жоқ, енді біреулерінде диплом бар, бірақ тәжірибеден өтпеген. Ондай жандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз. «Жастар тәжірибесі», «қоғамдық жұмыс» және «әлеуметтік жұмыс орындары» деген бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама береміз.

«Жастар тәжірибесі» – жас түлектерге арналған, арнайы не жоғары оқу орнын бітірген, жасы 29-ға толмаған, өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарлама. Ескере кететін жайт, олардың оқуды аяқтағанына 3 жылдан аспау керек. Бұл бағдарлама бойынша жалақыны мемлекеттің өзі төлейді. Оның мөлшері – 76 мың теңге. Жұмыс 6 айға арналған. Онда жас маман өз мамандығы бойынша тәжірибе жинайды. Егер жұмыс берушінің көңілінен шықса 1-2 айдан соң сол жерге тұрақты қызметке тұруына болады. Ал егер 6 ай бойы өзін көрсете алмаса, жұмыспен қамту орталығына қайта келіп тұрақты жұмыс іздейтін болады.

Ал «Қоғамдық жұмыстардың» негізгі шарты – өтінім берушілердің біліміне, жұмыс тәжірибесіне қарамайды. Онда аса қатаң талаптар жоқ. Бұл бағыт бойынша 12 айға арналған уақытша жұмыспен қамтимыз. Жалақыны мемлекет төлейді, оның мөлшері – 84 мың теңге.

Үшінші бағыт «әлеуметтік жұмыс орындары». Мұнда жұмыс берушілердің тарапынан штаттан тыс, қосымша орындар ашылуы керек. Бұл бағыт бойынша жіберілген жандарға төленетін жалақының 35 пайыз ғана мемлекет көтереді. Оның уақыты – 12 ай яғни бір жыл.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Мемлекет басшысы Жолдауында «... Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге деген сенімді орнықтырамыз. Жұртымыздың күшжігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына сүйенеміз. Әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз...» деген еді. Осы берілген тапсырмаларға сай алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмысымызды еселей түспекпіз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әсел Рзаева

23 қыркүйек 2022 ж. 442 0