№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Партия бағытын бағамдады

Партия бағытын бағамдады

  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезекті ХІХ есеп беру-сайлау конференциясында партия мүшелері күн тәртібіндегі төрт мәселені қарады. Партия атқарған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісу мақсатында өткен конференцияға 31 бастауыш партия ұйымынан 90-ға жуық делегат қатысты.

Жиынға төрағалық еткен аудандық партия филиалының төрайымы, аудан әкімі Ғалым Әміреев алдымен делегат өкілеттіктерін бекітіп алу үшін комиссияның төрайымы Айгерім Шералықызына сөз берді. Тиісті өкілеттіліктерді сайлап алғаннан кейін партия мүшелері күн тәртібінде қаралатын мәселелерге көшті.
Бірінші кезекте, Мемлекет басшысының кезекті «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов хабарлама жасады.
– Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы тек тарихи құжат қана емес, бұл тұрақты, дамыған мемлекет құру жолындағы жоспарлы бағдарлама. Себебі, әрбір жаңашыл бастама бәсекеге қабілетті озық отыз елдің қатарына қосылуға бағытталған. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдау халықтың тұрмыстық деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізері анық. Әр сала бойынша елдің экономикалық өсуі айшықталып, халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіру жұмыстары жаңғыратын болады, – деген сала басшысы жастар мәселесіне басымдық берді. Себебі, Елбасы келер жылды жастарға арнады. Сондықтан, алдағы атқарылар жұмыстар бір пысықталды.
Одан кейін, күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни партияның 2017-2018 жылы атқарған жұмысы жайлы есеп беру бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев сөз алды.
– Партия Елбасының әрбір Жолдауына қолдау көрсетіп, міндеттемелерді межелі жүзеге асырып келеді. Оның айғағы ретінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы, бақытты балалық шақ» және басқа да жоба аясында жасалып жатқан игі істерді келтіруге болады. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» мақаласына негізделген «Тарлан тарих тағылымы» жобасын жүйелі жүзеге асыруда ілкімді істер бар. Жобаның мақсаты тарихты қайта жаңғырта отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани азық ретінде дем беріп, тарихи құндылықтармен таныстыруға арналған. Міне, осындай берекелі істерге мұрындық болып жүрген партияның қызметі қашан да ел игілігі үшін, – деген Мәжит Байқожаұлының сөзін ардагер ұстаз Серік Мұсабай жалғады.
Партияның ардагерінен кейін сөз «Өзгент» БПҰ төрағасы Нариман Жакудаевқа берілді. Жалпы атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелеген Нариман Үсенұлы Президенттің биылғы Жолдауын негізге ала отырып, ұстаздар қауымына арналған басымдықтар бойынша ойын ортаға салды.
Келесі кезекте, бастауыш партияың аудандық филиалы Саяси кеңесі құрамын қайта сайлау қаралып, құрам қайта жаңартылды. Сондай-ақ конференцияның төртінші мәселесі бойынша партияның облыстық филиалының ХХІІ есеп беру –сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды.
Жиынды қорытқан филиал төрағасы Елбасының Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстарды жүйелі, әрі тиянақты орындауды жүктеді.

Әлібек ТЕМІРБЕК.
30 қазан 2018 ж. 1 003 0